Экономикасы мұнайға тәуелді елдер үшін қаржылық қиындықты еңсеру оңайға түспейтін деп тұр. Кейбір алдын ала жоспарланған мемлекеттік бюджеттің қайта қаралуына, резервтегі қаражаттың әлеуметтік салаларды қашанға, қаншалықты жететінін екшелеп алуға кірісіп кетті. Өйткені «жығылғанға жұдырық» болған коронавирустың салдарынан жаппай карантин жарияланып, қазынаға бизнестен түсетін табыс кемуде. Оның үстіне жұмыссыз халықтың қарасы көбейді. Әлемдік экономиканы екі өкпеден қысқан мұнай бағасымен коронавирустың салқынын сезініп, қысылтаяң сәтте тығырыққа тірелген елдердің бірі көршілес Ресей.

Urals 10,54 долларға саудаланды
Өткен аптада Солтүстік-Батыс Еуропа нарығына саудаланатын Urals маркалы ресейлік мұнай бағасы 1999 жылғы наурыздағы ең төменгі деңгейге дейін түсіп, барреліне 10,54 долларға сатылды деп хабарлады BBC. Бұл тек баррель бағасы ғана емес. 10 долларға мұнайды жөнелту, сақтандыру және Ресей мұнайын портқа жеткізу шығындары да кіріп отыр.
Urals мұнайы құрамына Brent кіретін Солтүстік теңіз маркаларының шикізатына дисконтпен сатылады. Бұл дисконт қазір бір баррель үшін – 4,5 доллар. Argus мәлімдегендей, бұл баға 2008 жылдың маусымындағы ең жоғарғы меже. Ал S&P Global Platts таратқан мәліметке сүйенсек, солтүстік теңіз сорттарының мұнайы 2 қаңтардан 30 наурызға дейін 73 %-ға арзандады.
Алайда, өткен аптада мұнай нарығындағы жағдай өзгере бастады. 2 сәуірде Лондондағы Brent мұнайының бағасы он минут ішінде бір барреліне 26,3 -тен 34,9 долларға дейін көтерілді. Бұл жағдайға АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасымен сөйлескені туралы твиттердегі жазбасы әсер еткен.
«Жаңа досыммен (Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы) сөйлестім. Мохаммед бен Салман Ресей президенті Владимир Путинмен хабарласты. Мен олар мұнай өндіруді шамамен 10 млн баррельге (тәулігіне) немесе одан да көп азайтады деп үміттенемін. Егер келісім іске асса, бұл мұнай-газ саласы үшін тамаша болмақ», деп жазды Трамп. АҚШ Президентінің мұнай бағасына жасаған қолдауынан кейін «қара алтын құны» біртіндеп өсе бастады. Бейсенбі күні баға барреліне 30 долар деңгейінен асқан болатын.
Ал Ресей Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльде Путин Сауд ханзадасымен мұнай өндіру көлеміне қатысты сөйлескенін жоққа шығарды.
Жұма күні ОПЕК+ форматында жаңа кездесу өтетіні туралы ақпарат жарияланды. Бұл кездесуде Ресейді қоса алғанда мұнай өндіретін елдер мұнай нарығын қалай тұрақтандыру туралы уағдаласатыны белгілі болды. Сөйтіп, ақпарат жарияланған жұма күні мұнай барреліне шамамен 34,3 долларға саудаланды.
Сақа сарапшылыр бұл кездесудің қаншалықты нәтижелі боларын болжауға асықпайды. Себебі наурыздағы кездесу нәтижесіз аяқталған еді. ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы уағдаласпақ түгілі бұған дейтінгі келісімдердің барлығы күшін жойды. Біріккен Араб Әмірліктерінің мұнай министрі Сухейль әл-Мазруи Ресей тарапы мұнай өндіруді қосымша қысқарту туралы шешімге көбірек уақыт сұрап отырғанын айтып, қазіргі жағдайда нарыққа мұнай өндіру бойынша жаңа шектеулер қажет екенін, бұл шектеуді ОПЕК Ресейсіз іске асыратынын айтқан болатын. Сәтсіз аяқталған кездесуден кейін Сауд Арабиясы мен басқа да мемлекеттер қара алтынды серіктестеріне үлкен жеңілдіктермен ұсынуға көшті. Сөйтіп бұл жағдай баға соғысының тұтануына алып келді. Мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы ОПЕК+ елдері арасында келісім 1 сәуірде аяқталды. Енді мұнай нарығының негізгі ойыншылары бағаны қалай өзгертемін десе де өз еріктерінде. Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, көрші ел мұнай көлемін арттыруға құлық танытып отырған жоқ.
Құнсызданған мұнайдың нарықтағы бағасы алдағы уақытта қандай межеде болатынын тамыршыдай нақты дөп басып айту қиын болғанымен жалпы жорамалдар айтылып жүр. Британдық Трансұлттық инвестициялық банк пен Barclays қаржылық қызмет компаниясының хабарлауынша Brent қазір орташа есеппен барреліне 31 долларға бағаланады, ал West Texas Intermediate орташа есеппен 28 долларды құрауға тиіс
Егер Қытайда жолаушылар ағыны 2020 жылдың бірінші тоқсанында екі есе қысқарса, бұл Қытайдағы реактивті керосинге сұраныс күн сайын 300 000 баррельдің жоғалуына алып келеді. Бұл жорамалда ОПЕК + елдерінің келісімге келе алмағаны есепке алынбаған.
Standard & Poor 's мәліметі бойынша 2020 жылдың соңына дейін Brent мұнайының орташа бағасы барреліне 30 долларды құрайды, ал 2021 жылы баға 55 доллар деңгейінде белгіленеді деп болжануда.
Ресейдің қоры – 10,1 трлн рубль
Әлемдік нарықта «қар алтынның» нарқы артып тұрғанда Қазақстан Ұлттық қорын біршама байытты. Ресейде де біраз резерв бар. Мұнайдан түскен табыс көрші елдің Ұлттық әл-ауқат қорының көлемін 10,1 трлн рубльге дейін жеткізіпті. Бұл 6-10 жыл бойы бюджет тапшылығын жабуға жеткілікті екен. Мұны тәуелсіз сарапшылар да растайды.
Көрші елдің биылғы бюджеті мұнай бағасы барреліне 42,45 доллар деңгейінде есептелінген. Қаңтарда баррель – 61,67 доллар, ал ақпанда – 54,24 доллар межесінде сақталған еді. Ресей қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, наурызда Urals мұнайының орташа бағасы барреліне 29,17 долларға дейін төмендегенінен сәуір айында Ресей қазынасын түсуі қаржы 55,8 млрд рубльге кемиді. Баррель 27,4 долларға дейін төмендеген кезде бюджет ай сайын 1,7 млрд доллардан айырылады. Егер баға 12,4 доллар деңгейінде белгіленсе, бюджет айына 3,8 млрд долларға кемиді.
Мұнай мен газ секторынан бөлек, Ресей бюджеті бизнестен түсетін салықтардан да қағылып отыр. Коронавирус салдарынан елдегі кәсіпорындар жұмысы тоқтап, сауда-саттық саласына тақыр таянуда. Сондықтан іс жүзінде бюджет тапшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Ресей үкіметі шығындарды қысқартып, резервтерді жұмсауы ықтимал. Fitch агенттігінің хабарлауынша, 2014-2015 жылдардағы мұнай бағасы құлдырған кезеңмен салыстырғанда қазіргі Ресейдің тығырықтан шығар мүмкіндігі жоғары. Оған елдің сыртқы және ішкі борышы, сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығы әсер етуі мүмкін. Десе де, Fitch агенттігі көрші елдегі ІЖӨ биыл 1,4% - ға қысқарады деп болжайды.
Сәуір айы сәтсіз болмақ
Ресейде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 4 мыңнан асады. Ауырғандар көбейгенінен көрші елде карантин жарияланды. Алдымен наурыздың 30-ы мен сәуірдің 3-і аралығында жұмыссыз апта жарияланып, артынша В. Путин карантин мерзімін 30-шы сәуірге дейін ұзартты.
Finexpertiza консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша мұндай демалыс аптасы бизнесті 123,6 млрд рубль шығынға ұшыратты. Бір ай демалыста кәсіпорындар 530 млрд рубльден қағылуы бек үмкін. Сондықтан кәсіпкерлер мемлекеттен арзан несие мен салық демалыстарын сұрауға мәжбүр. Әсіресе, туристік операторлар, қонақүйлер мен авиакомпаниялар, мейрамханалардың айналымы күрт құлдырады. Ресейлік билік белгілі бір қолдау шараларын жариялағанымен бизнес бұл шаралардың жеткіліксіз екенін айтуда. Салдарынан кәсіпкерлер қызметкерлерді жұмыстан босатудан басқа амал жоғын айтады. Бұл дегеніміз елдегі жұмыссыздар санының күрт артуына әкеліп соқпақ.
«Локо-инвеста» сараптамалық департаментінің басшысы Кирилл Тремасов сәуір айы Ресей экономикасының тарихындағы ең сәтсіз ай болатынына күмән жоқ», деп жазды өзінің телеграмм арнасында.
Наурыз айының ортасында Ресей билігі коронавирустың салдарын жоюға 300 млрд рубль бағытталатынын хабарлады. 1 сәуірде елдің премьер-министрі Михаил Мишустин қосымша 1,4 трлн рубль бөлінгенін мәлімдеді. Ресей есеп палатасының басшысы Алексей Кудрин экономиканы қолдауға ІЖӨ-нің 5%-ын немесе одан көп ақша жұмсауға тура келетінін, бұл сумма 5,5 трлн рубльді құрайтынын айтқан. Салыстырмалы түрде алғанда батыс елдері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, халықтың жұмыссыз қалмауын қамтамасыз етуге ІЖӨ-нің 10% -15 %-ын жұмсауға дайын.
НАФИ талдау орталығының сауалнамасы бойынша негізгі табыс көзі болмаған жағдайда ресей халқының 42% -ы бір айға ғана несиенің көмегінсіз шығындарын өтей алады. Ал «Росгосстрах Жизнь» және «Открытие» банкінің тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінде ресейліктердің 63,6%-ның жинаған қаражаты жоқ екені айтылды.
Көрші елде жұмыссыздық деңгейінің өсуі және нақты табыстың құлдырауына байланысты әлеуметтік қорларға түсетін төлемдер де азаймақ. Экономикалық жағдай тұрақталмаса Ресейдегі қызметкерлер саны 2,6 млн-дан 10,2 млн-ға дейін қысқаруы мүмкін. Standard & Poor's болжамы бойынша биыл Ресей экономикасы 0,8% - ға қысқарды. Экономикалық құлдырау салдарынан проблемалық кредиттер жыл соңында 15% -ға дейін ұлғайады деп күтілуде.
Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды
Күрес • Бүгін, 22:30
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар