03 Қыркүйек, 2013

ТМД қаржы бақылау органдары жиыны

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Ас­тана қа­ла­сында Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына қаты­су­шы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау орган­дары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIII сессия­сының отырысы өтеді.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Ас­тана қа­ла­сында Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына қаты­су­шы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау орган­дары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIII сессия­сының отырысы өтеді.

Сессия жұмысына Армения Республикасының, Бе­ларусь Республикасының, Қазақстан Рес­пуб­ликасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Украинаның жо­ғары қаржы бақылау органдарының бірінші бас­шылары қатысады. Сондай-ақ, осы іс-шараға Грузия есеп палатасының төрағасы бақылаушы ретінде шақырылды.

Отырысқа еліміздің мемлекеттік орган­дары­ның, ТМД-ның бірқатар елдерінің елшіліктерінің, сон­дай-ақ АҚШ-тың Халықаралық даму агент­ті­гінің (ЮСАИД) және Дүниежүзілік банктің өкіл­дері де қатысады.

Сессияға қатысушылар ауылшаруашылық тауар өн­ді­рушілерін қолдауға бөлінетін қаражатты пайдаланудың аудиті бойынша жоғары қаржы бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттырудың жолдарын талқылайды.

Сонымен қатар, сессия шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің Маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобының және ТМД-ның ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыстарының нәтижелері қаралатын болады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мем­лекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары бас­шы­ларының кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, өзара іс-қимылды үй­лес­тіру және тәжірибе алмасу үшін 2000 жылы құрылған болатын.

Есеп комитеті Қазақстан Президентіне тікелей ба­ғы­натын және есеп беретін қаржылық бақы­лау­дың жоғары органы болып табылады. Ол рес­публикалық бюджеттің атқарылуын, мем­лекеттік бағдарламалардың, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысын сыртқы бақылауды және бағалауды жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген мемлекеттің қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылайды. Мемлекеттің гранттары мен активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланудың тиімділігіне талдау жасайды, сондай-ақ, Ұлттық банк активтерін пайдаланудың сәйкестігіне бақылау жүргізеді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі.