03 Қыркүйек, 2013

Ғаламтор пайдаланушылармен онлайн-қатынас

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Жэнь­миньван» ақпараттық сайтының «Цянголуньтань» форумында Қытайдың ғаламтор пайдаланушыларымен онлайн-қатынас өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Жэнь­миньван» ақпараттық сайтының «Цянголуньтань» форумында Қытайдың ғаламтор пайдаланушыларымен онлайн-қатынас өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Онлайн-қатынас ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарына және БҰҰ-ның Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайлас­тырылды.

Н.Ермекбаев тікелей эфирде сұрақ­тарға жауап беріп, қытайлық ғаламтор пайдаланушыларға Қазақстан-Қытай дамуының негізгі бағыттары, соның ішін­де екі елдің қауіпсіздік, сауда, энер­гетика, көлік, туризм, білім са­ла­сын­да­ғы ынтымақтастығы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бары­сы туралы айтты.

Онлайн-конференция барысын­да елші халықтың әл-ауқат деңгейін жә­не елдің халықаралық абыройын арттыруға бағытталған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегия­сы және «қытай арманы» тұжы­рымда­ма­сы­ның ұқсастығы туралы пікір алысты.

Н.Ермекбаев Қазақстанның ға­лам­дық ядролық қарусыздану және ядролық қауіпті азайту үдерісіндегі жетекші рөліне баса назар аударды. Ол «АТОМ» халықаралық жобасының өзектілігін атап өтіп, қытайлық ғалам­тор пайдаланушыларды бүкіл әлемдегі ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін бір минуттық үнсіздікке шақырды.

Онлайн-қатынас барысында «Жэнь­миньван» сайтында 1,1 миллион адам болды. «Жэньминьван» сай­тын­да Ядролық сынақтарға қарсы халық­аралық іс-қимыл күніне орай және «АТОМ» жобасына арналған арнайы парақша ашылды.