03 Қыркүйек, 2013

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні мен Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясы күніне арналған «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Фотокөрменің ашылу салтанатына Қазақстанның елшісі Ағыбай Сма­ғұ­лов, Парламент депутаттары, қоғамдық, сая­си, мәдени қайраткерлер және Тәжік­стан­ның танымал ғалымдары, «Бәй­терек» ұлттық мәдени орталығы мен «Тә­жікстан-Қазақстан» достық қоғамының белсенділері, Душанбедегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушыларға еліміз туралы, сонымен қоса, Қазақстан Республикасының ядролық қаруға қарсы бастамалары айтылған кітаптар, фотоальбомдар, буклеттер мен бейнетаспалар таратылды.

Тәжікстанның Ұлттық кітап­хана­сына қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік жыл­дарындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктері әсерлі түрде баяндалған 100-ден астам кітап табыс етілді.