Елорда • 05 Сәуір, 2020

Танымал спортшылар елорда тұрғындарымен таңғы жаттығу жасады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда жаппай таңертеңгілік жаттығу өтті. Ол коронавирустық инфекциямен күресте қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Танымал спортшылар елорда тұрғындарымен таңғы жаттығу жасады

Таңертең Б.Момышұлы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өздерінің балкондарына шығып спортшылармен бірге жаттығумен айналысты. Жаттығу барысын бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен 2017 жылғы бокстан әлем кубогының жеңімпазы Римма Волосенко жүргізді. Тұрғындар спортшылармен бірге таңертеңгілік жаттығуда белсенділік көрсетті.

«Осы қиындықтан өтеміз. Сондықтан үйде отырып сабыр сақтап, балаларыңызбен бірге үйде спортпен айналысыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз бірге еңсереміз! Біз біргеміз!», - дейді 2013 жылғы әлем чемпионы, боксшы Мерей Ақшалов.