03 Қыркүйек, 2013

Ұлттар сарайындағы «Қазақстан» залы

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Женевада Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесімен бірлесе отырып Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтті. Шараға халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялар, жетекші сараптама орталықтарының басшылары, сондай-ақ жетекші баспасөз және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Аталған шараның Жене­ва­дағы БҰҰ Ұлттар сарай­ындағы «Қазақстан» көп­мақсатты конференц-залы­ның салтанатты тұсау­кесер шеңберінде ұйымдас­тырылуы ерекше мәнге ие болды. Бұл залды ашу туралы шешімді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстанның Біріккен Ұлттар Ұйы­мына мүше болуына 20 жыл толуына байланысты қабылдаған еді.

Шетелдік дипломаттар мен БҰҰ қызметкерлері «Қа­зақ­стан» көпмақ­сатты залы БҰҰ-ның Женева бөлім­шесі ғимаратындағы ең көркем және техникалық жаб­дық­талуы жағынан озық залға айналғанын бірауыздан атап өтті. 145 кісі қабылдауға шақ­талып, жаңа технология­лармен жасақталған зал ілеспе аудармамен қамтамасыз етілетін салиқалы халықаралық форумдар өткізу, фильмдер көрсету, сондай-ақ мәдени шаралар ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. «Қазақстан» Астана көріністері және дала пейзаждарымен көркемделген гобелендермен әсемделген, ендігі, терезе витражда­ры ұлттық нақыштағы түр­лі-түсті мозаикамен безен­дірілген.

Шара барысында БҰҰ Бас хат­шы­сының орынба­сары, БҰҰ Жене­ва­­да­ғы бөлімшесінің Бас директо­ры Қасым-Жомарт Тоқаев және Тұрақ­­ты өкіл Мұхтар Тілеуберді сөз сөй­­леп, «Embrace! A World Free of Nuclear Wea­pons» атты де­ректі фильм көр­сетілді.

Өз сөзінде Қ.Тоқаев таратпау ре­жімін нығайтуға және әлемдегі бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан тарихи үлесі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық қауымдастық атынан ризашылық білдірді. БҰҰ Бас хатшысының орын­басары Қазақ­стан­ның ядролық қарусыздану жә­не таратпау үдерісін дамы­тудағы рөліне БҰҰ-ның беретін жоғары бағасын атап өтті. БҰҰ Женева офи­сінің басшысы БҰҰ-ның Қазақ­станмен ықпалдасуы жаңа мазмұнға ие бола беретініне сенім білдірді.