03 Қыркүйек, 2013

Айбынды асырған айшықты ата заң

320 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Алға басудың алтын арқауы

Еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 18 жыл толуына орай өткізілген «Конституция – қо­ғам мен мемлекеттің даму стратегиясына негіз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конферен­ция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінде жалғасын тапты.

Конференцияның бас­ты мақсатыбелгілі отан­дық және шетелдік ғалым-заңгерлердің басын қосып, пікірсайыс алаңын құру. Мұндай халықаралық ма­ңыз­ды алқалы жиынның Л.Н.Гумилев атындағы университет қабырғасында өтіп отырғанының да өзіндік сыры бар. Өйткені, аталған оқу орны заң саласындағы көптеген мамандарды даяр­лап шығарды. Тәуелсіз еліміздің құқықтық қалыптасуында өзіндік орны бар заң факультетінің деканы Еркін Оңғарбаев университет басшылығының құттықтауын жеткізе отырып, саладағы жетістіктерін де ортаға сала кетті.

Алға басудың алтын арқауы

Еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 18 жыл толуына орай өткізілген «Конституция – қо­ғам мен мемлекеттің даму стратегиясына негіз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конферен­ция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінде жалғасын тапты.

Конференцияның бас­ты мақсатыбелгіл іотан­дық және шетелдік ғалым-заңгерлердің басын қосып, пікірсайыс алаңын құру. Мұндай халықаралық ма­ңыз­ды алқалы жиынның Л.Н.Гумилев атындағы университет қабырғасында өтіп отырғанының да өзіндік сыры бар. Өйткені, аталған оқу орны заң саласындағы көптеген мамандарды даяр­лап шығарды. Тәуелсіз еліміздің құқықтық қалыптасуында өзіндік орны бар заң факультетінің деканы Еркін Оңғарбаев университет басшылығының құттықтауын жеткізе отырып, саладағы жетістіктерін де ортаға сала кетті.

Алқалы жиында «Біз Қа­зақстан Республикасында – қалыптасқан мемлекеттің конституциялық кеңіс­тігінде тұрып жатырмыз» атты баяндама жасаған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев тарихқа шегініс жа­сады. Ғалым 1924 жылдан бері қазақ жерінде бес­ конституцияның қабыл­дан­ғанын алға тартты. Ол құжаттардың барлығы да өзіміздің өсіп-өркендеп жат­қан заманымызға лайықтап жазылған конституциялар болды, деді ғалым әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктері бар екеніне назар аудартып. Соның ішінде 2005 жылғы Ата Заңымыз азаматтарымыз аса құрметтейтін Негізгі Заңымызға айнала білді, деді ол.

Бұған дейін Конститу­циялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов өзінің мақала­сын­да тәуелсіздікті нығай­ту­дағы және ел халқының ауызбіршілігін сақтаудағы Конституцияның мызғы­мас­ты­ғына кепіл ретіндегі ел Президентінің маңызды рөлін атап кеткен-ді. Онда Төраға былай деп жазыпты: «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы қалыптасқан мем­лекет – Қазақстан Респуб­ли­касының дәуірі кезінде Конституцияны одан әрі жү­зеге асыруға арналған ұзақ мерзімді маңызды бағ­дарламалық құжат болып табылады. Стратегияның негізгі қағидалары Негізгі Заң талаптарынан туындайды».

Ал Конституциялық Ке­ңес мүшесі Виктор Ма­ли­новский 1995 жылы қа­был­данған Ата Заңның маңызын ашып көрсетуге ұмтылды. Оның айтуынша, 1995 жылы қоғам жаңа Конституцияны қабылдауға пісіп-жетілген еді. Сол кезде Президент Н.Ә.Назарбаев өзге елдердің жиырмаға тарта конституция­сымен жақын танысыпты. Оның мәліметіне қарағанда, 1993 жылғы Конституцияда жерге деген жеке меншік, тілдердің мәртебесі, мем­ле­кеттің нақты сипаты то­лық анықталмағандықтан, тиісті өзгерістер қажеттігі туындаған. Оның үстіне қо­ғамның даму перспектива­лары да бұлыңғыр күйінде қалып қойғандығы айқын сезіліпті. Осыған орай қол­даныстағы Ата Заңға тиісті өзгерістер енгізу үшін 1994 жылы тіпті, арнайы жұмыс тобы да құрылған. Сөйтіп, 1995 жылы Конституцияның жаңа жобасы әзірленіп, қоғам талқысына түсіп, жалпыхалықтық референдумда қабылданған.

Жаңадан қабылданған сол Негізгі Заңда Қазақстан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік әрі құқықтық ел екені көрініс тапқан. Және ең басты құндылығы адам және оның еркі мен бостандығы деп те анық көрсетілген. Еліміз президенттік басқару формасына өтіп, билік тар­мақ­тарының арасы нақты ажыратылған. Қолданыстағы Конституцияға 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгеріс­тер енгізілгені белгілі. Ал­ды ң­ғы екеуі еліміздің сая­си­ құрылымына өзгерістер алып келсе, халықтық бас­та­машы топ ұсынған соң­ғы­сын Конституциялық Ке­ңес Ата Заңға сәйкес кел­мей­ді деп тапқаны белгілі. Нәтижесінде Елбасы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөніндегі Жарлығын шығарды.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаев ең алдымен құқықтық білім мен сана-сезімді жетілдіріп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін баса атап кетті. Оның пайымынша, Парламент халыққа құқықтық білім беру мәселесін насихаттайтын арнайы заңдық құжат қабылдағаны орынды болмақ. Осы ретте ғалым мемлекеттік тіл өз тұғырына әлі де орнамағандығын тілге тиек ете келіп, бұл мәселені үш тұғырлы тіл саясаты аясында жүзеге асыруға боларын меңзеді.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі Николай Акуев Конституцияға өзгерістер тағы енгізілуі мүмкіндігімен бөлісті. Ол осы орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Парламент өкілеттігі туралы айтса, ғалым соны жоғары заң шығарушы органның қадағалау функцияларымен байланыстырды. Оның пайымынша, берілген өкілеттіктердің арқасында Парламент арнайы комиссия құрып, белгілі бір мәселе бойынша шешім де шығара алар еді.

Конференцияға қатысу­шы­лар мемлекет дамуының стратегиялық бағдарын және «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы шеңберінде елі­міз­дің құқықтық жүйесін ары қарай жетілдіру жайларын ортаға салды. Әсіресе, Конституциялық Кеңестің Ата Заңымыздың үстемдік құруындағы тәжірибесі мен конституциялық құнды­лық­тарды сақтаудағы өзіндік орны ерекше атап айтылды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ.

Қоғам мен мемлекет дамуының стратегиясы

Бурабайдағы «Rixos-Borovoe» отелінде Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы кү­ніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің даму стра­тегиясының негізі» атты халықаралық конференция өз жұмысын жалғастырды. Оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров кіріспе сөзбен ашты.

Астанадан бастау алған ха­лық­аралық форум жұмысына табыс тілеген А.Шәкіров Адам құқықтары институтының мін­деттеріне қысқаша тоқталды. Еуропа Одағы демократия мен адам құқықтары жөніндегі Еуро­палық құрал сияқты бірқатар бас­тамаларға жол ашты, осынау игі шаралар халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл орайда Қазақстанда азаматтық қоғамды нығайтып, мемлекеттік билікпен серіктестік құрудағы белсенділіктің нәти­же­сінде құқықтық реформаны дамытуға назар аударылуда. Елі­міздің Ата Заңы мерекеленіп отырған күні өткізілген ғылыми-практикалық конференция­ қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар және мем­ле­кеттік қызметкерлердің шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатудың маңызды тұғырнамасы болып табылады. Қазақстан Конституциясының қоғамның тұрақты дамуына кепілдік беретін құндылық негіздері осыдан да көрініс табады.

– Елбасымыз «Сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі бол­ған қастерлі Ата Заңымыз – ұлт­тық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналды» деп жоғары баға берген Конс­ти­туциямыздың шарапаты тір­ші­лік-тынысымызды шырайландыруда, – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде. – Ата Заң – біздің барлық құ­қықтық мәдениетіміздің қай­нар көзі. Халық игілігін көз­дейтін экономикалық дамуға, мемлекетті басқарудың демо­кра­тиялық принциптеріне біздің Конституциямыз жол ашу­да. «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясының сенімді қадамдары ретінде жуырда ғана өткізілген аудандық деңгейдегі қалалар, кенттер және ауыл әкімдерінің сайлауын айтуға болады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, біздің Ата Заңымыз өзінің мазмұ­нының терең, мүмкіндігінің мол екендігін бүкіл әлемге таныт­ты.

Конференцияда негізгі баян­дамаларды Тәжікстан Респуб­ли­касы Конституциялық соты­ның хатшы судьясы Карим Каримов: «Тәжікстан Респуб­ли­касы Конституциялық со­ты­ның әлеуметтік мемлекеттің конституциялық негізін қам­та­масыз етудегі рөлі» тақырыбында бастады. Конституцияның не­гізі әлеуметтік мемлекеттің прин­­циптерін қамтамасыз етуге бағытталған, деді ол. Бізде әлеу­мет­тік саясат пен әлеуметтік әріп­тестік басымдық алады. Ол республика Президентінің ха­лыққа жолдауларында үнемі алға шығарылып келе ді. Соңғы жеті жылда бюджеттік инвестиция да еселеп артуды. Азамат­тардың денсаулық, білім, тұрғын үй, зейнеткерлік, тағы басқа құқық­тарын қорғау ерекше назар­да ұсталады және мұнда Конс­титуциялық сот өкілдігі соң­ғы шешім болып табылады.

Латвия Республикасы Конс­титуциялық сотының судьясы Улдис Кинистің «Ақпараттық технологиялар құқығы – ХХІ ғасырдағы конституциялық құн­ды­лық» атты баяндамасында ақ­па­раттық қоғам – тұрғындардың басым бөлігінің әл-ауқаты элек­трондық ортада таратылатын ақпараттық қызметке тікелей және жанама әсер ететін қоғам екендігі атап өтілді.

«Өзбекстан Республикасының Конституциясы және Консти­туция­лық сот ісін жүргізуді одан­ әрі демократияландыру» тақы­рыбында сөйлеген Өзбекстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Ұзақ Базаров барша қазақстандықтарды ел Конституциясының қабылдануы­ның 18 жылдығымен құттықтап, әріптестеріне азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қорғау және құқықтық үстемдікті қалыптастырудағы жауапты­ жұ­мыстарына табыс тіледі.

ЕурАзЭҚ Соты судьясының кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірәсілов «Қа­зақстан Республикасы Конс­ти­туциялық Кеңесінің нор­­мативтік қаулыларында құқық­тың жасалуы және құқықтың қайта жасалуы» тақырыбындағы баяндамасында құқық қорғау мен құқықтық шығармашылық мәселелері заң ғылымы мен тәжірибесінде мейлінше проблемалық сипат алатындығына тоқталды. Билік бөлінісінің классикалық теориясы бойынша сот және басқа құқық қолдану органдары құқықты жаса­мауы керек, олардың рөлі бекітілген немесе мемлекет тарапынан белгіленген ережелерді қолданумен шектеледі, деді ол.

Сондай-ақ, конференция делегаттары мен қонақтарының назарына Армения, Молдова, Литва Конституциялық соттарының судьялары Ашот Хачатрянның, Петру Райлянның, Рамута Руш­китенің, М.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университетінің кафедра мең­герушісі Евгений Сухановтың, Финляндия Жоғары әкімшілік сотының құрметті президенті Пекка Халлбергтің, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының (GIZ) Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке қолғабыс жасау» бағдарламасының директоры Йорг Пудельканың баяндамалары ұсынылды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы.

Алматы айрықша атап өтті

Мұнда еліміздің Ата Заңы – Конституция күнінде бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Қала әкімдігінің ұйым­дас­тыруымен өткен дәстүрлі велошеруге ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген велошабандоздар, үкіметтікемес ұйымдар өкілдері мен қала тұрғындары, сонымен қатар, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Спорттық-мәдени ша­ра барысында қала әкі­мі Ахметжан Есімов еліміз­дің еңселі мемлекет болып­ қалыптасуында Ата Заңның үлесі зор екендігін жеткізіп, жиылған көпшілікті мем­лекеттік маңызды мерекемен құттықтады.

«Еліміздің қарыштап да­муы үшін мызғымас та мығым заң қажет болды. Қа­зақстан Республикасының Конституциясы қабыл­дан­ған­нан кейін аса қажетті заңдар қабылданып, олар уа­қыт өте келе дамып отыр­ды. 1995 жылдың 30 та­мызында Ата Заңымыз қабылданған бұл күн барша қазақстандықтар үшін қа­сиетті мереке ретінде той­ланып келеді. Отандық заңдарды құрметтеу арқылы біз бүгінгі берекелі де бейбіт заманның жетістігі мен жемісін көріп отырмыз», деді қала басшысы.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін тиісінше қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасына орай әкім қалалық сот қызметінің басшылығына 16 қызметтік көліктің кілтін табыс етті.

Мұнан өзге, бұл күні­ қала аудандарының орта­лық­тарында мерекелік жәрмеңке мен түрлі мәде­ни ұжымдардың ұйымдас­ты­руымен мерекелік бағдар­ламалар, ойын-сауық шаралары өткізілді. Кеш бата қа­ланың Абай атындағы ала­ңында Қазақстан эс­трада жұлдыздарының қатысуымен концерт және би кеші ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл күйді от-шашумен әрледі.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.