03 Қыркүйек, 2013

Ауған соғысы ардагерлерін марапаттады

1091 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кешегі кеңестік дәуірде Ауғанстан жерінде Одақ әскерлерінің он жылдан астам болуы талай боздақтың өмірін жалмап, талайының тағдырларын тас-талқан еткені белгілі. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сардарлар мен сарбаздар ерлігі қашанда ел есінде. Оларға көрсетілер құрмет те ерекше. Соның бірі – елордада еліміз Конституция­сы күні мерекесіне орай Ауған соғысы ардагерлерімен өткен кездесу болды.

Ауған соғысы ардагерлері қо­ғамдық бірлестігі ұйымдастырған игі шарада аталған бірлестіктің төрағасы, Халық Қаһарманы, ге­нерал-лейтенант Ба­қыт­жан Ертаев ар­дагерлерді мерейлі мереке – Ата Заң күнімен құттықтап, оларға жас буынды патриоттық тұр­ғыда тәрбиелеуде еңбек ете беру­леріне тілектестігін білдірді.

«Ертеңгі ел болашағы жастар екені айқын. Оларды отансүйгіш етіп тәрбиелеуде Ауған соғысы ар­­да­герлерінің атқарар міндеті зор. Кейінгі жастар үлгіні осы сіз­дерден алады», деді Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев. Сондай-ақ ол Ауған соғы­сының тарихы әлі толық жазылып бітпегенін және осы ретте патриоттық кинолардың жоққа тән екенін назардан тыс қалдырмады. Ауған соғысы ардагерлері мәр­тебе­сінің керектігін қаперге салған Халық Қаһарманы өз кезегінде ТМД-ның кейбір елдерінде ардагерлерге берілген жеңілдіктер бұрынғы қал­пында сақталып қалғанын жеткізді.

Басқосу соңында ардагерлерге «Қазатомпром» компаниясының демеу­шілігімен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».