03 Қыркүйек, 2013

Қызыл мияға қиянат жасалуда

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласы аумағында Үшқайық, Шорнақ, Жібек жолы, Жүйнек пен Қарашық ауылдық округтеріне қарасты Сырдария өзені атырабындағы елді мекендерде дәрілік маңызы бар құнды қызыл мия өсімдігінің тамырын қазып алып, бизнеске айналдырған белгісіз топтардың әрекеті әдетке айналды.

Қызыл мия өскен жерлерді иеленгендер мал жайылымына және шабындыққа деп жалға алған жер қойнауын трактормен жыртып, қызыл мияны сатуда. Ал, жердің қойнауын пайдалану, яғни қазу деген сөз келісім-шартта көрсетілмеген.

Мал жайылымы керек, бірақ жердің құнарлылығын құрту, жер қыртысының қабатына зиян келтіру мемлекеттік мүддеге қайшы деп білеміз. Бұл туралы облыс, қалалық әкімдік басшылары түгел біледі, оларға арнайы жазбаша түрде мәлімдегенбіз. Амал не, олар енжарлық, дәрменсіздік танытуда.

Жердің бетіндегі шөбін ғана малға пайдалану үшін берілген жердің астын аударып жеке мүдде үшін бизнес жасауға жол ашып бергеніміз қалай? Жерді ұзақ мерзімге жалға берудің заңнамалық тетігін жетілдіру керек шығар деп ойлаймыз.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Түркістан қаласының

құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.