Әлем • 06 Сәуір, 2020

Пойыздар ауруханаға айналмақ

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрбір мемлекет коронавируспен әртүрлі күресіп жатыр. Халқының саны бойынша әлемде екінші орын алатын Үндістан пойыздарды палатаға айналдырмақ.

Пойыздар ауруханаға айналмақ

Дереккөздерге сүйенсек, барлығы 20 мың вагонды қайта жасақтау жоспарланған. Олардың әрқайсысында науқасқа арналған 16 орын, дәрігер мен медбикелер бөлмесі, сондай-ақ сақтау жабдықтары бар. Мұндай пойыздарды елдің кез келген жеріне жіберуге болады.

Айта кетейік, Үндістандағы жолаушылар теміржолы қызметі 25 наурыздан 14 сәуірге дейін тоқтаған. Мұндай жағдай 167 жылда бірінші рет кездесіп отыр. Соған қарамастан жүк тасымалы жалғасуда. Қалыпты жағдайда Үндістан темір жолдарында күніне 20 мыңнан астам жолаушылар пойызы жүреді.

Қазіргі уақытта аталмыш елде COVID-19 жұққан 4288 адам тіркелді. Олардың 117-і қайтыс болған.