«Төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айырылған азаматтарға қарастырылған. Біріншісі, жалдамалы қызметкерлер жұмыс істеп жүрген мекемеде, компанияда. Ол орта шағын бизнестің жұмыскерлері және де карантин болған жерде ірі кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтарды мәжбүрлі түрде ақысын төлемей, демалысқа жіберген жағдайда. Яғни, қашықтан жұмыс істеп, жалақы алып жүрген кісілерге бұл жатпайды. Ал жұмыстан шығып, қысқарып қалған азаматтарға осы сақтандыру қорынан 6 айға дейін оның жұмыстан шыққан себебіне қарамастан төлем қарастырылған. Екі күн бұрын бұйрыққа енгізілген өзгеріске байланысты жалдамалы қызметкерлердің қатарына коммерциялық емес ұйымдардың да жұмысшылары кіреді. Егер де, оларды ақысыз демалысқа жіберген болса. Ал мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік органдарға бұл жатпайды. Екіншісі жеке тұлғалар. Өз бетінше жұмыспен айналысып жүрен азаматтар бұл жерде ресми жұмыспен айналысып жүргендерде бар. Ресми жұмыс істеп жүргендер жеке кәсіпкер, адвокат, нотариус, сот орындаушы медиатрлар. Өзінің азаматтық құқықтық сипатқа жұмыс істеп жүргендер олар төтенше жағдайға дейін тиісті әлеуметтік жарналар аударған болса, оларға өтініш беруге болады» деді Б. Нұрымбетов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтардың санаттарын айтты.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше