Қоғам • 06 Сәуір, 2020

Біржан Нұрымбетов: Декретке шыққанына бір жылдан асқан әйелдер 42 500 теңге ала алады

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Декретте отырғанына 1 жылдан асқан аналар 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш білдіре алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Біржан Нұрымбетов: Декретке шыққанына бір жылдан асқан әйелдер 42 500 теңге ала алады

«Оларға балаларының күтіміне бір жыл толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жыл асқаннан кейін сұранып жұмысқа барар еді. Бірақ қазір жұмысқа ешкім алмайды, шақырмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жиынтық төлем аударып, осы 42 500 теңгеге үміттенуге болады» деді ол. 

Сондай-ақ ол 42 500 теңге алуға өтініш білдіретіндердің банктерде есепшоты болмағандықтан қиындық туындап жатқанын, сондықтан өтінішті ешқандай есепшот көрсетпей-ақ тапсыра беруге болатынын айтты.

«Біраз азаматтарымызда банктерде есепшоттары жоқ екен. Есепшот ашуға үлгермей қаламыз деп, барлығы банктерге жүгініп жатыр. Өз кезегінде банктер де наразылық білдіріп жатыр. Осыған қатысты бір-екі күнде мынандай өзгеріс енгіземіз: Сіз өтінішіңізді берген кезде, егер де сізде банкте шотыңыз болмаған жағдайда, шотты көрсететін жерге ештеңе көрсетпейсіз. Астында ескерту тұрады. Біз өтінішіңізді қабылдаймыз. Бір айға дейін сіз шотты бергенше күтеміз. Шотыңызды алған соң, біз тағайындалып тұрған ақшаны сол шотқа аударамыз. Сондықтан, мүмкіндік болса, өтінішіңізді беріп қойып, асықпай есепшотыңызды алуға болатын жағдай қарастырып жатырмыз. Бір-екі күнде порталдарға сондай шешімді енгіземіз» деді министр.