03 Қыркүйек, 2013

Мухаммед Мурсидің ісі сотқа өткізілді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Mursi

Мысырдың бас прокуратурасы жексенбі күні Мухаммед Мурсидің ісін сотқа өткізді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.

«Аль-Хаят» телеарнасының мәліметі бойынша, Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 14 жетекшісі адамдарды қантөгіс пен зорлық-зомбылыққа итермелегендері үшін айыпталуда.

Өткен жылдың 5 желтоқсанында Каирдегі «Иттихадия» президент сарайының алдында кісі өліміне соқтырған қақтығыс аталмыш айыптың басты көрінісі ретінде қарастырылып отыр.

Ол күні Мухаммед Мурси ішкі істер министрлігі мен республикалық гвардиядан президент сарайының алдындағы митингіні тоқтатуды талап етті. Алайда, тәртіп сақшылары мен әскерилер бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданудан бас тартқан болатын. Сол кезде экс-президент «Мұсылман бауырлар» қаруланған құрылымын көмекке шақырған көрінеді. Олар шерушілерге шабуыл жасап, қақтығыс нәтижесінде бес адам қаза тауып, 600-ден астамы жарақат алды.

 

Айдар Өрісбаев.