03 Қыркүйек, 2013

Талибтер АҚШ әскери базасына шабуыл жасады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Talib

Талибтер Ауғанстанның Пәкістанмен шектесіп жатқан Нангархар провинциясындағы Американың әскери базасына шабуыл жасады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Билік өкілдерінің ақпарына қарағанда, шабуыл нәтижесінде Нангахар провинциясының әкімшілік орталығы мен Торкхам қаласын жалғап тұрған тас жол жабылып қалған. Бұл жол Ауғанстан қауіпсіздігіне көмек көрсететін халықаралық күштердің жеке құрамын шекаралас ауданға өткізуді қамтамасыз ететін негізгі жол болып табылады.

Оқиғаның басқа салдары жөнінде әзірге хабар жоқ. Белгілісі, шабуыл жасаған «Талибан» қозғалысы.

 

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар