Коронавирус • 06 Сәуір, 2020

Індет жұқтырған 16% науқастың жағдайы ауыр - Айжан Есмағамбетова

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы жайында айтты.

Індет жұқтырған 16% науқастың жағдайы ауыр - Айжан Есмағамбетова

«Әлем бойынша соңғы тәулікте 1 271 679 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 69 402 адам көз жұмды. Қазақстанда бүгінгі күні 604 вирус жұқтырған адам тіркелді. Оның 122-сі шетелден келгендер, 351-і індет жұқтырғандармен байланыста болғандар.  Ал қалған 131-і жергілікті жерлер бойынша жұқтырған.  45 науқас ауруханадан емделіп шықты. Оның 24-і Нұр-Сұлтан қаласында, 21-і Алматы қаласында», деді Айжан Есмағамбетова.

Бұдан соң, ол елдегі індет жұқтырған науқастардың қазіргі жағдайы жайында сөз етті.

«85% жағдай жеңіл және симптомсыз деп бағаланып отыр, ал 69% науқастың денсаулық жағдайы орташа ауырлықта, 16% пациенттің жағдайы ауыр.  Өкінішке қарай 6 адам індеттен көз жұмды. Ақмола облысында 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында 1 науқас қайтыс болды», деді ол.