Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Жыланды ауылындағы тігін цехы бетперде тігуге бейімделді

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылында «Ауыл өнері»  атты тігін цехы жұмыс істегелі біршама уақыт болған. Оның ашылуына белгілі кәсіпкер, мецанат Бауыржан Оспанов мұрындық болған екен.

Жыланды ауылындағы тігін цехы бетперде тігуге бейімделді

Ел бойынша жұқпалы індеттің алдын алу шарасы күшейтілген күннен бастап ауылдағы цех медициналық маска тігіуге бейімделіп, өнім шығаруға кірісіпті. Қазір 15 адам тұрақты жұмыс істеп, күн сайын 1000 дана бетперде дайындауда. Маскалар гигиена талаптарына сай, көп реттік тұтынуға арналып, екі қабатты матадан тігілуде. Өнімнің бағасы да арзан, аудан тұрғындарының қалатасы көтеретіндей. Яғни, бастапқы бағасы 100 теңге деп белгіленсе, басқа дәріхана мен дүкендердегі сату құнын 120 теңгеден асырмауды қадағалап отыр.

 

Алматы облысы