Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Атырау: Кәсіпкер ұсынған көмек

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық кәсіпкер Болат Бошанов медицина қызметкерлеріне жеке иелігіндегі қонақүйін беріп,  толық ас мәзірімен  қамтамасыз етті. 

Атырау: Кәсіпкер ұсынған көмек

– Қазір бәріміз үшін де оңай емес. Осындай сәтте, әсіресе, қатерлі індетпен дамылсыз күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне  қолдау көрсеткеніміз жөн. Сол себептен, «Престиж» қонақүйін Атыраудағы медицина қызметкерлерінің демалуы үшін беріп отырмын. Мұнда оларға тегін тамақ беріледі, - дейді Болат Бошанов.

Оның айтуынша, облыстық аурухананың дәрігерлері мен орта буын қызметкерлері де ыстық тамақпен қамтылады. 

Кәсіпкер бұл көмегін жалғастыра беруді көздеп отыр.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ