03 Қыркүйек, 2013

Зүлфия Чиншанло тұрмысқа шықты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Zulfiya ShinshanloАуыр атлетикадан әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Чиншанло Қытай азаматына тұрмысқа шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

З. Чиншанлоның мәлімдеуінше, ол күйеуімен бұрыннан таныс. Қытайда ауыр атлетикамен айналысуды бірге бастаған екен. Қазір ол спортпен шұғыланбайды.

Екі жұп Алматы қаласында некеге отырған. Бірақ, Зүлфия бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұқбатында күйеуінің есімін жария етпеді.

 

Бақытбек Кенешұлы.