04 Қыркүйек, 2013

Әкім әлемі

650 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Бүгінде кемеліне келген үлкен қалам­гер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразидың жеткен биігі – ұясын бұлтқа салған алып қыранның келбетін көз алдымызға елестетеді. Осындай биікке жазушылық өнерінің арқасында жетті.

Жазушы болу – жан азабы. Жазушы болу – ұлы мұрат жолындағы үлкен жауапкершілік сезімін арқалау, айта берді азаматтық арға ақау түсірмей өту. Егер осының барлығын өз жүрегіңізден өткізіп, ғұмырлық ұстанымыңызға адал бола алсаңыз ғана шын жазушысыз.

Жазушы өмір бойы шындықпен бетпе-бет келеді, шындықпен тайталасып өтеді. Мұның өзі қылыш жүзінде ғұмыр кешумен бірдей. Шын жазушы мен жалған жазушының айырымы осында.

Бүгінде кемеліне келген үлкен қалам­гер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразидың жеткен биігі – ұясын бұлтқа салған алып қыранның келбетін көз алдымызға елестетеді. Осындай биікке жазушылық өнерінің арқасында жетті.

Жазушы болу – жан азабы. Жазушы болу – ұлы мұрат жолындағы үлкен жауапкершілік сезімін арқалау, айта берді азаматтық арға ақау түсірмей өту. Егер осының барлығын өз жүрегіңізден өткізіп, ғұмырлық ұстанымыңызға адал бола алсаңыз ғана шын жазушысыз.

Жазушы өмір бойы шындықпен бетпе-бет келеді, шындықпен тайталасып өтеді. Мұның өзі қылыш жүзінде ғұмыр кешумен бірдей. Шын жазушы мен жалған жазушының айырымы осында.

«Жазушы үшін өз заманының шежіре­шісі болу – бақыт», деп Бальзак айтқан пәлсапалық ойдың аясында тағатсыздана отырып табандылықпен жұмыс істеген жазушы бар. Бірақ ондай қаламгер көп емес. Көбі орта жолда, тағдырдың бұра­лаң жолында адасып қалып қойды. Небір классик дегендеріңнің өзі өмірдің сол бір бұрысынан шыға алмады. Әкімнің соқ­пағы өзгеше. Өзі өмір сүріп отырған дәуір адамдарымен де, өзінен кейін келе жатқан ұрпақпен де сырласа алатын терең ойлы, тірі сөздің шебері талай-талай кітапты, сан алуан әңгіме, хикаят­ты жазу барысында небір батыл қадам­дарға барды, жаны ауырып, жүрегі сыздады.

Бір сұхбатында Әкім: «Бұрынғы Кеңес мемлекетінің құрамында болған елдердің жағдайы бір-біріне өте ұқсас. Саяси, экономикалық жағдай болмасын… Орыстың интеллигенциясы өте күшті. Халықты бастап, алға жетелеп отырады. Біздің зиялы қауым да олардан кем емес. Зиялы қауым қазақта бар. Бірақ, зия­лымыз деп жүрген зиялысымақтар шын зиялыларға көлеңке түсіріп жүр. Батыр болып көрінгісі келеді олар. Біз әлі зиялы деген ұғымды дұрыс түсіне алмай келеміз. Қайталап айтамын, зиялылар бізде бар. Шын мағынасында ұлты үшін, елі үшін басын бәйгеге тігіп жүрген зиялылар бар», – деп жазды. Рас, зиялы дегеніміз – сөзді түсінетін, сөз қадіріне жете алатын, халықтың қасиеті мен кепиетін жүрегіне салып салмақтай білетін жан. Ал кітап жазғанның барлығы зиялы емес. Тағы бір сөзінде: «Елордада сол зиялы деп танылатын қауым бас қосатын жер жоқ. Негізінен, зиялылар бас қосатын жер – Жазушылар одағы. Алматыда не болып жатқанын білмеймін. Астанаға көшіп келгеніме 10 жыл болды. Біз сығандардың тағдырын кешіп жүрміз. Қиналып жүрміз», – деп ашына айтқаны бар. Нағыз жаны ауырып жүрген зиялының сөзі.

Қаламына сүйенген жазушының одан басқа сүйенері де, таянары да жоқ. Бар шындықты бүкпесіз, бетің бар, жүзің бар демей, ашық айта салады. Әкімнің әуел бас­тан бойына біткен мінезі осы. Ол біреуге жалынуды, біреуге өктемсуді білмейді. Жасымыздан жақсы танитындықтан ба, Әкімнің жан дүниесі бәрімізге жақ­сы таныс. Көркем сөздің хас шебері Ғабит Мү­сі­реповтен бата алып, қалың оқыр­манның құрметіне ие болған кезінен білеміз.

Алғашқы кітабы, яғни «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы жарық көрді. Бұдан кейін де «Үлкен ауыл» (1968), «Асу-асу» (1970), «Көкжиек» (1980), «Басынан Қаратаудың» (1984) повесть- әңгімелер, «Қыз махаббаты» (1982) пьесалар жинағы, «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Кен» (1986), «Жаза» (1998), «Шер» (2000), «Махаббат жыры» (2001) секілді сүбелі дүниелері жарық көріп жатты. Кітапсүйер қауымды сүйсіндіре, сөзіне иландыра білді.

Қадап айтарымыз, жазушының қалам ұстағалы бері қазақ болмысының жоқ­шысы болып келе жатқандығын айнадан көргендей қапысыз түсінесіз. Иланасыз, құп аласыз.

Әкімнің кино саласына келуіне Ғабит Мүсірепов үлкен қолдаушы әрі қамқоршы бола білді. Бұл жайында жазушының өзі талай мәр те мақтанышпен айтып келеді.

«Киноның өз адамымын деп айтуға толық хақым бар. Бірақ өзімді 100 пайыз киногермін деп санаған кезім болған жоқ. Егер сәл шегініс жасасақ, мені Мәскеуге оқуға жіберген Ғабит Мүсірепов ағамыз еді. Сол кісінің қолдауымен оқуға баратын болдым. Содан бір күні арнайы қабылдау комиссиясының бастығы: «Мәскеуге бару үшін ғана сен киноны өте сүйемін деп тұрсың ба?» – деді. «Жоқ, мен киноны сүймеймін», – дедім іле жауап қатып. «Онда оқуға неменеге барасың?» – деді ол. «Кейде бір әңгімеге, повеске сыймайтын сюжеттер болады. Оны киноға арнап жазсаң, ұтымды көрініп тұрады. Көп қимылды суреттеуге тура келетін сюжеттерді кинода пайдаланған дұрыс қой деп ойлаймын», – дедім. Сөйтіп едім, отырғандар ішек-сілесі қатып күлді. Кейіннен екеуінен де дәріс алдым, жақсы ұстаз болды жарықтықтар. Бірі – Ми­хаил Юрьевич Блейман, екіншісі – Васи­лий Ива­нович Соловьев. Олар менің сонша­лық­ты батыл әрі дөрекілеу естілген жауа­бы­ма риза болысты. Сосын Соловьев оқу­ға қабылданғанымды білдіріп: «Екі күн­­нің ішінде Мәскеуге жет, сабақ бас­тала­ды», – деп жергілікті басылымның бірі­не берген сұхбатында айтқаны жадымызда.

«Қазақ үшін кино саласы дәл қазіргі проза, не болмаса поэзия жанрындай кемеліне жете қойған жоқ. Өзге елдерді мысалға алар болсақ, олар кино түсіру жағынан шебер болып келеді де, әдебиет өнерінен кенже қалып жатады. Бізде керісінше. Кино саласы бізде күні бүгінге дейін кеш дамып келеді. Сценарийдің жазылмауынан ба, әлде басқа да себептер бар ма? Ол жағын өз басым бағамдай алмаймын. Себебі, мен кинотанушы емеспін ғой», – дейді Әкім кезекті бір сұхбатында.

Мұнымен қоса, қаламгердің зерт­теушілік қабілетін ерекше атап өтер едік. Ол – ойдан түйін түйетін логик. Мағынасы зор, оқыған сайын оқи түскің келетін дүниелердің авторы ізденуге келгенде қамшы салдырмайды. Көздеген тақырыбының соңына шам алып түсіп, түбіне жеткенше қазбалап жазатын жан.

Жаңа мыңжылдық басында қалың оқырманды таңғалдырған шығарма­сының бірі – «Жаза» романы.

Адам өмірінің айнасы – отбасы. Отбасы, ошақ қасында адам баласы балаларын өсіріп, тәрбиелеп қанат қақтырады. Жазушының бұл шығармасы трагедиялық ахуалмен басталады. Автор негізгі идея­ны – отбасылық мәселесін ала отырып, оның ішінде ұлт болып өмір сүруде де сынға түсетін жағдай жиі кездесетінін қадап айтады.

Шығарма кейіпкерлерінің де есім­дері құлаққа жат естіледі. Басты кейіп­кер – ауған соғысының ардагері құдай­ды аузына жиі алатындығы мен қызмет істейтін мекемесіне қарап кеңес дәуірінде өмір сүрген қазақ екенін жазбай тануға болады. Роман барысында кейіпкеріміз Або есімімен қарекет етеді. Әйелі Зоро, балалары – Боло, Айно. Шығарманың жапондық психологиямен жазылғандығы болар, кейіпкерлер есімі де шығысқа тән, жақын. Шығарманың моделі, концепциясы социалистік реализм әдісімен әлеуеттік талдауға бармайды. Өмірдегі өзгерістерді жырлап, жаңа мен ескінің тартыс күресіне де килікпейді. Есесіне бұрын қатты сынға алынатын фрейдизм философиясының исі аңқитын құбылыстарға толы. Бас кейіпкер Абоның адами келбетін соғыс талқандап тастаған. Ол енді бейбіт өмірге келгенде момын ғана күзетші кейпіне енеді.

Небәрі жүз бетке жетпейтін роман шиыр­шық атқан күретамыр оқиғаға толы. Шы­ғарма Әкімнің кесте тоқығандай ше­бер­­лігін аңғартады. Өзіндік ерекшелігі басым.

Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы адамзат тарихы үшін аса қатыгез жаза – ауған соғысы туралы әрі көркем шежіредей толымды туынды болды. Ауған соғысы – бейқам тұрмыс құрған қарапайым халықтың жүрегіне өшпес сызат салған тарихи оқиға. Бұлай дейтініміз: Кеңес Одағын ортақ шаңырағымыз деп сенген талай отбасы боздағынан айрылып аңырап қалды. Қантөгіс қырғынды дұшпанына да тілемейтін қазақ қауымына ауыр тигені анық. Сол соғыстың қалай басталып, немен біткенін әлі ешкім тап басып айта алмайды. Шығарманың өн бойында соғыстан аман-есен қайтып оралған солдаттың басындағы үрейлі тағдыры оқырманды жіпсіз жетелейді. Сол үрей кітап бетін жапқан соң да бойыңыздан көпке дейін тарқамайды.

Роман кіріспесінде автор шығарманы оқып шығу оңайға түспейтінін алдын ала ескертеді. Міне, жазушының құпия ше­берлігі. Кітаптың кіріспесін оқу да кі­сіні магнит өрісіне түскендей әсерде ұстайды.

«Жаза» – автордың өзіне де, өзгеге де қатал талабынан туған шығарма. Жазушы өзін де, өзгені де аямайды. Бұған Әкімнің: «Мен шығармаларымды заманға, болмаса жекелей біреуге ұнайыншы деп жазған емеспін. Табиғатымнан қатал жазушымын. Заманды да, адамды да аямаймын», дейтіні осы айтқанымыздың дә лелі.

Қарапайым солдаттың іс-әрекеті қаз­дай тізіліп көз алдымыздан өтеді. «Ж­а­за» романында ерлік деген сөз еш ауыз­ға алынбайды. Мұндағы әңгі­ме­нің төр­кі­ні бөлек. Соғыстан келген сол­дат­тың ба­сындағы мүшкіл халді, пси­хи­ка­лық ауыт­қуды жазған мұндай дүние қа­зақ топырағында бұрын-соңды болған емес.

Ауған соғысын басынан аяғына дейін өткерген, кейін Чернобыль апаты зардаптарын жоюға өз еркімен қатысқан Або (Қараспанов) қасындағы кісілерге, тіпті өз отбасына да қара аспан болып төнеді.

Роман бас кейіпкерінің ақырғы демі шыққан сәтінен, құрбан болған үш адамнан басталады. Біріншісі – күзетші болып істейтін Або, екіншісі – балабақша меңгерушісі Анна Андреевна, үшінші кейіпкер – аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Байбақ Малышбаев және «пайдагер» Нүрдін Саидов. Шығармада бұл адамдар не үшін, нендей қылықтары үшін жазаланғаны айтылмайды. Оқырман үшін бұл сұрақтар жауапсыз қала береді.

Тек үш бірдей кісіні әлдекім аяусыз, жауыздықпен әрі қаныпезерлікпен бас­тарын малша бауыздап, қатар жатқызып кеткені мәлім болады. Оқиға желісінде сол «әлдекімнің» Анна Андреевнаның күйеуі екені ашылады. Ащы суға тойып алып, өлесі мас болып жатқан жерінен өз үйінде ұсталады. Үш адамның басын қиған ақ балта әлгі үйдің босағасында сүйеулі тұрады. Қылмыскер табылды. Қаны сорғалаған қаныпезерлік деп осыны айтамыз.

Қазіргі шетелдік кинодағыдай қаты­гездік әрі жауыздықпен басталған оқиға­ны әрі қарай оқуға жүрегіңіз дуаламай қалуы әбден мүмкін. Әйтсе де ашылмаған сыр, құпия оқиға желісі қаншалықты қорқынышқа толы болса, оқырманды ылғи жіпсіз жетелеп ілестіріп отырады. Бұл – прозашының әккі әдісі.

Басы кесіліп қарая бастаған үш мәйіт. Шала бауыздалған малша мойынға білінер-білінбес қара сызат түскен... жердегі сары кілемге азғана қан тамған... тосын көрініс өне бойыңды суытып, қорқынышты сезімге бөлейді. Есі кіресілі-шығасылы, өзінің өлі-тірісін айыра алмай жатқан күзетші, ауған соғысының майдангері Або ақылға сыймайтын сөз айтады. Або күзетші бұл үшеуінің қалай өлгенінен бейхабар. Еденде жатқан үш бірдей мәйітті нұсқаған жас жігіт: «Өте шебер, кәсіби жұмыс!”» деп өзінің салқынқанды мінезін танытып селт етпейді. Бұл оның ауған соғысында жүріп қан кешкендігі.

Жазушы шеберлігін шығарманы оқу үстінде оқиғаны беру тәсіліне қарап танисыз, тәнті боласыз.

«Жаза» романы – ұлттық әдебие­тіміздің жаңа сатыға көтерілгендігін айғақтайтын шығарма. Өмір шындығын игерудің жаһандық тәжірибесімен ұштасқан, қанық бояулы көркем туынды. Мәртебелі сыйлық алған осынау шығармасын оқып отырғанда, оның жапон әдебиетіндегі фрейдизм философиясының құбылысына қатты зер салғандығы анық байқалады. Жапон жазушысы Кобо Абэ: «Тәртіп, әдет-ғұрып пен әдеби заңдылық сақталмаса, шы­ғарма ақпа құмнан үйе салған қорғанға ұқсайды. Сәл ғана көтерілген желден үйіндіге айналады», – дейді. Әкім Тарази осы принципті берік ұстанған.

«Жаза» романы әділетсіз соғыс адам­ның жылдар бойғы тірнектеп жинаған тым нәзік, тым жұқа өркениет қабығын бұзып-жарып, адамшылық ұсқынын өзгертіп жіберетін кеселін боямасыз баян етуімен қымбат. Соғыс зардабын, жан дертін өзге полюстен ашып көрсетуімен жаңашыл.

«Қазақтың 100 романы» сериясымен қайта басылып шыққан «Тасжарған» ро­манының оқиғасы негізінен Өртас қа­ла­сында өтеді. Алтай өңіріндегі орыс, қазағы аралас өндірісті қала. Бас кейіпкері білімді инженер, комму­нис­­тік идеологияның қазанында қай­нап піскен маман, депутат Омар Ба­ла­панұлы, Аблез, Рәзия, Матеков, Ұлме­кен, жазушы-журналист – Әли Есен­таев, Мирас Құдабаев, Мамыржан, Қади­ша, өзге де толып жатқан қосалқы кәсіп­кер­лер. Тұтас өткен ғасырдың соңғы ширегіндегі қилы-қилы болмыс иелері.

Оқиға сол қалаға өмірді зерттейміз деген сылтаумен Әли мен Мирастың келуімен басталады. Әрі қарай оқиға шиеленісе түсіп, әрбір кейіпкердің жан әлеміне, табиғатына, адамдармен қарым-қатынасына тастай батып, судай сіңеді. «Ошақтағы қоздың үстіне қурай салсаң бықсымай, түтінсіз, жалынсыз, шытырлап бауырынан ғана жанып, қоздың үстіне шоғы түсе береді, үрлемесең, жел тимесе солай-ақ жанып таусылады, сәл ғана үрлесең, сәл ғана леп тисе бітті, лап ете қалады, түтіні де шығады, жалыны да шығады. Омардың қазіргі халі сондай еді, лап етіп өрт шығуына өзі себепші болған». Автордың өзі мегзегендей, шығармада кейіпкерлер өзімен өзі болып, өмір арбасын өз білгенінше сүйреген бірсыдырғы, кеңқолтық, можантопай жандар болып көрінеді-дағы; сәл ғана үрлесең, лап етіп түтіні де шығады, жалыны да шығады. Яғни, көз алдыңызға көлбең етіп б

Соңғы жаңалықтар