
Осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.50-де Ұлттық арна эфирінен «Ұлжан» атты жаңа телехикая көрермендерге жол тартпақ.


Осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.50-де Ұлттық арна эфирінен «Ұлжан» атты жаңа телехикая көрермендерге жол тартпақ.
Төл телехикая – қарапайым қазақ отбасының тіршілігін шынайы оқиға мен қазақы драма негізінде баяндайтын туынды. Бас кейіпкер – тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жауапкершілік жүгі артылған, кейіннен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі. Мұнда тағдырдың қиындығы мен қилы-қилы жолдарынан өте жүріп, балаларын жеткізген ананың ардақты ары мен бейнесі тұщымды бедерленеді. Бұл хикаядан бүгінгі қоғамдағы әйелдердің алатын орны мен шынайы болмысын боямасыз көрсетуге талпынысты байқаймыз.
Тағдыр тәлкегіне мойымаған қазақ әйелінің кескін-келбеті ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. «Қазақстан» ұлттық арнасының кезекті отандық телехикаясы бұл саладағы ізденістің мұнан әрі де жалғаса түсетініне сендіреді.
«Егемен-ақпарат».