04 Қыркүйек, 2013

Алдағы міндеттер ауқымы кең

295 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бесінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының Сенаттағы алғашқы отырысы өтті. Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен бұл отырыс­та палата Төрағасының орынбасары және депутаттарды тұрақты комитеттерге сайлау мәселесі шешімін тапты.

Жалпы отырысты ашқан Қ.Мә­­ми Парламенттің биылғы сес­­сия­сының алдындағы басым міндеттерді Елбасы Н.Назар­баев бес бағыт бойынша нақты ай­қын­дап бергеніне ерекше тоқ­тал­ды. Ел экономикасын одан әрі нығайту, инновациялық үде­ріс­тер мен «жасыл экономиканы» дамыту және құқық қорғау органдарындағы реформаны одан әрі жетілдіру күн тәртібінде тұр. Сондықтан осы заң жобаларын уақтылы және сапалы қарау – біздің осы сессиядағы басты міндеттеріміздің бірі. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру үшін және сапалы түрде жоғары дең­гейде өткізу үшін бірталай заң пакеттерін қабылдау керек, деді Төраға.

Бұдан басқа қылмыстық заң­наманы, құқық қорғау органдарын және сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, адам құқықтарын әділ қорғауға бағытталған бір топ кодекстердің, сондай-ақ сот­тар­дың рөлін арттыру және елде­гі құқық тәртібі жүйесін ны­ғай­ту жұмыстарын одан әрі кү­шей­ту қажет. Президент өз сөзін­де аталған заңдар азамат­та­ры­мыз­дың өміріне тікелей ықпал ете­тін, олардың құқықтары мен бос­тандықтарын қамтамасыз ете­тін еліміз үшін өте маңызды заң­дар екенін тағы да атап кет­ті, деді Қ.Мәми. Сондай-ақ, Төра­ға Елбасының сөзін келтіре оты­рып, үш жылдық бюджетті тал­қы­лау барысында мемлекеттік қара­жат­тың шығысына, олардың дер ке­зінде игерілуіне Сенат баса назар аударуы қажеттігін атап көрсетті.  

Күн тәртібіне кіріспес бұрын палата өкілеттіктері аяқталған сенаторларды шығарып салу рәсімін өткізді. Сенаторлық өкі­­лет­­тік­тері аяқталған Әділ Ахме­товке, Оралбай Әбді­кә­рі­мовке, Ғарифолла Есімге, Бо­лат Жылқы­шиевке, Ғани Қасы­мов­қа, Александр Судьинге және Юрий Цхайға Сенаттың заң шыға­ру қызметінде депутаттық міндет­терін адал да жоғары дең­гей­де атқарғандары үшін ризашы­лы­ғын жеткізген Төраға оларға Се­нат­тың құрмет грамотасын табыс етті. Өткен алты жылда Се­нат депутаттары ретінде сіз­дер ел игілігі үшін білімдеріңіз бен тәжі­рибелеріңізді аяған жоқсыз­дар. Өздеріңізге жүктелген жұ­мыс­ты адал атқардыңыздар. Сіз­дер­дің осындай еңбектеріңізді әріп­тестеріңіз, біздер ғана емес, қалың қазақстандық жұртшылық та жо­ғары бағалайды, деді Қ.Мәми.

Сондай-ақ, кешегі отырыста Сенат Төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы Асқар Бейсенбаев палата Төрағасының орынбасары қызметіне бірауыздан сайланды. Сенатор Сергей Кулагин Та­би­ғатты пайдалану және ауыл­дық аумақтарды дамыту коми­тетінің төрағасы болып сайланды. Мемлекет басшысының Жар­­лығымен тағайындалған депутаттар Сенаттың тұрақты коми­теттері құрамына сайланды. Атап айтқанда, Бірғаным Әйтімова, Сер­гей Громов, Ләззат Қиынов және Георгий Ким Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына енді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау ко­митетіне Дулат Құсдәулетов сайланса, Серік Нөгербеков Қаржы және бюджет комитетіне, ал Нұр­лан Оразалин Әлеуметтік-мә­дени даму комитетіне сайланып, бекітілді.

Сенат Төрағасы сөз орайында өз өкімімен С