Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Ақтөбе қаласы карантинге жабылды

980 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында коронавирус инфекиясын жұқтырған адамдардың саны күннен күнге өсіп барады. Соған байланысты Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева Ақтөбе қаласының аумағында 6 сәуір күні сағат 21-00 ден бастап карантин режимі енгізіледі жөнінде қаулы шығарды. Бұл төтенше құжат ең алдымен кәсіпкерлік әрі өзге де қызмет салалары мен тұрғындардың ерекше өмір сүруінің жағдайларын қамтиды.

Ақтөбе қаласы карантинге жабылды

Соған сәйкес азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан, емдеу мен алдын алу шараларын жүргізуден өзге қызмет түрлері тоқтатылады. Мекеме кәсіпорындар мен «ҚазПошта» бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер өз жұмыстарын онлайн режимінде жүргізеді. Ақтөбе қаласының тұрғындары дәріхана мен азық-түлік дүкенінен өзге жерге баруына тиым салынады. Жерлеу рәсімі кезінде адамдардың шоғырлануы он адамнан аспауы керек, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына карантин тәртібін орнату мен сақтауға қатысты аса жауапты міндеттер жүктеледі. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына індетті анықтау, вирус жұқтырғандарды оқшаулау, дезинфекциялау жұмыстарын жан-жақты әрі кәсіби сапалық деңгейде жүргізуі керек. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсізігін қамтамасыз ету департаменті мен Ақтөбе облысының полиция департаментіне СOVID-19 науқасымен тап болғандарды шұғыл анықтау және эпидемияға қатысты профилактикалық іс-шаралар жүргізу  жүктеледі. Аталған департаменттер карантиндік режимнің сақталуын ұдайы бақылауы тиіс. Сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы СOVID-19 зертханалық зерттеулерін жүргізу мен оның нәтижелерін қамтамасыз етуге, көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін етуі тиіс. Осындай тәртіп сынамалар жеткізген медициналық және өзге де ұйымдарға, инфекция ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізуге қатысты болып отыр.

Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жүргізуіне байланысты Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өз ой-тұжырымын газет тілшісіне былайша жеткізді.

– Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігенің 2020 жылдың 29 наурызындағы №4 қаулысының күші Ақтөбе қаласының карантиндік аумағында қолданылмайды. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Әрі осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

АҚТӨБЕ