ХХ ғасырда қазақ басына төнген ұлы апаттардың бірі Семей атом сынақ полигоны еді. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО аумағындағы ең ірі сынақ алаңы жабылған сәтте ел ертеңі, баянды болашағы үшін қуанып, теңіздей толқыды. Мемлекет басшысының бастамасымен сол уақыттан бергі 22 жыл ішінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусызданудың көшбасшысы бола отырып, адамзат тарихындағы бейбітшілік миссиясын жүзеге асыруды берік қолға алды. Президенттің парасатты бастамасының бірі 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін қазір әлем бойынша атап өту дәстүрге айналды.
ХХ ғасырда қазақ басына төнген ұлы апаттардың бірі Семей атом сынақ полигоны еді. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО аумағындағы ең ірі сынақ алаңы жабылған сәтте ел ертеңі, баянды болашағы үшін қуанып, теңіздей толқыды. Мемлекет басшысының бастамасымен сол уақыттан бергі 22 жыл ішінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусызданудың көшбасшысы бола отырып, адамзат тарихындағы бейбітшілік миссиясын жүзеге асыруды берік қолға алды. Президенттің парасатты бастамасының бірі 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін қазір әлем бойынша атап өту дәстүрге айналды.
Семей қаласында аталған халықаралық күнге және Семей сынақ полигонының жабылғанына 22 жыл толуына орай маңызды жиындар өтті.
Әрине, радиациалық сәулеленудің зардаптары ұзақ уақыт бойы сақталады. Бұл – ақиқат. 40 жыл бойы жүргізілген алапат жарылыстардың ізі ширек ғасырда өше қоймайды. Сондықтан да, ядролық қару адамзатты ажал апанына итермелеген жойқын қару саналады.
Полигон зардаптарын терең сезінген Семей халқы үшін атаулы күннің маңызы ерекше. Осы орайда Семей мемлекеттік медицина университетінде «Экология. Радиация. Денсаулық» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, Финляндия, Үндістан, Қырғызстан, Ресей және тағы басқа елдердің жетекші ғалымдары қатысты.
Жиын шеңберінде радиациалық экология және қауіпсіздік, медициналық алдын алу, экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарын емдеу және сауықтыру сынды өзекті мәселелер қарастырылды.
– Радиациялық сәулеленудің әсері ядролық сынақтар өткізілген Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де өте маңызды, – деді Қырғызстан-Ресей славян университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Георгий Белов. – Қырғызстанда да бұл өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, трансшекаралық өзендер мен ауа ағымы арқылы радиацианың таралу қаупін ешкім жоққа шығара алмайды. Оның үстіне Сырдария мен Шу өзендерінің бойындағы алқаптарда ірі уран қоймалары бар. Түрлі табиғи апаттар төтенше жағдай туғызуы мүмкін. Бұл мәселелерді шешу халықаралық қауымдастықтың қатысуын талап етеді. Осы бағытта халықаралық зерттеу жүргізіп, бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайынбыз.
2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-інде орын алған апат Күншығыс елінің басынан өткерген үлкен сынағы деуге болады. Осы ретте конференцияға қатысушы Нагасаки университетінің вице-президенті Шуничи Ямасито Фукусимада апат орын алғаннан кейінгі 2,5 жылдан соң балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы тексерілгенін жеткізді. Айта кетерлігі, 18 жасқа дейінгі балалардың 99 пайызы дерлік күрделі радиация сәулесін алмаған. Дегенмен, денсаулығынан кінәрат табылған азғантай адамдар шоғыры жоқ емес. Оларда қалқанша безінде қауіпті ауру түрлері туындай бастағаны белгілі болған.
– Жапониядағы қайғылы жағдай кезінде көмек қолын созған қазақстандықтарға, әсіресе, семейліктерге жапон халқының атынан алғыс білдіремін. Қазіргі кезде де біз бірлескен зерттеу жұмыстарын жалғастыру үстіндеміз, – деді Ш.Ямасито.
Ол қазақстандық-жапондық «JACA» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Семей өңіріндегі медицинаның дамуына салмақты үлес қосылғанын атап өтті. Осы еңбегін ескерген Семей қалалық мәслихаты жапондық маманға «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын берді.
Бүгінде Семейдегі Бейбітшілік аралы ядролық сынақтан зардап шеккен халықтың қайғы-қасіретіне тағзым ететін қастерлі орынға айналған. Бұл күні де алыс және жақын шетелдерден келген ме