04 Қыркүйек, 2013

Кешендер мен алаңдар

287 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Облыс орталығының «Әуе қалашығы» шағын ауданы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы кенжелеу дамыған бөлігі болатын. Соңғы жылдары мұнда әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары қолға алынып, жағдай жақсара бастады. Кезінде иесіз қалған саябақ жаңартылып, көпшіліктің мәдени демалыс орнына айналды. Осы ауданда орналасқан «Авиатор» спорт алаңы да осы заманғы талап­тарға жауап бермейтін. Ала шаңы шығып жататын алаңда жақын маңдағы балалар доп қуып, футбол ойнағаны болмаса, басқа спорт түрлерімен айна­лы­су­ға мүмкіндік жоққа тән еді.

Облыс орталығының «Әуе қалашығы» шағын ауданы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы кенжелеу дамыған бөлігі болатын. Соңғы жылдары мұнда әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары қолға алынып, жағдай жақсара бастады. Кезінде иесіз қалған саябақ жаңартылып, көпшіліктің мәдени демалыс орнына айналды. Осы ауданда орналасқан «Авиатор» спорт алаңы да осы заманғы талап­тарға жауап бермейтін. Ала шаңы шығып жататын алаңда жақын маңдағы балалар доп қуып, футбол ойнағаны болмаса, басқа спорт түрлерімен айна­лы­су­ға мүмкіндік жоққа тән еді.

Осы айтақырда қайтадан жаңғыртылған заманауи «Авиатор» спорт кешенінде облыстық көп салалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылуы болды. Жаңа спорт кешені мен осындағы облыстық көп салалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лентасын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Кәдіржан Ізғарин қиды. Салтанатты сәтте сөз алған өңір басшысы жиналғандарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады. Ол жыл сайын спорт саласына қаржы бөлу артып, спорт кешендері мен алаңдарының көптеп салынып келе жатқанын тілге тиек ете келіп, соңғы екі жылда қалада 36 жасанды жамылғылы спорт нысаны салынғанын, оның 19-ы биыл пайдалануға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, «Батыс -2» шағын ауданындағы 50 метрлік бассейннің құрылысы аяқталуға жақын қалғаны, алда осы ауданда Мұз сарайын салу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатқаны құлаққа жағымды естілді.

– Бұл нысан кезінде біреулердің қолына өтіп кеткен еді. Қажеттілікке қарай коммуналдық меншікке қайтарып, осындай етіп, жып-жинақы осы заманғы спорт кешені салынды. Елбасы 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тартуға тапсырма бергені белгілі. Бұл қадамдар сол тапсырманы орындаудың нақты көрінісі, – деді Архимед Бегежанұлы.

Өңір басшысы айтса айтқандай, бұл спорт кешені осы аудан үшін өте маңызды спорт нысаны, Спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әкімшілік ғимараты, шығыс жекпе-жегінен, қолданбалы-техникалық және спорттық ойын түрлері бойынша жаттығатын залдары, 500 орындық трибуна орнатылған футбол алаңы бар. Спорт кешенінің құрылысын қайта жаңғырту жұмыстарын «КТП» ЖШС сапалы және қысқа мерзімде аяқтады. Оған облыстық бюджеттен 260 миллион теңге жұмсалды.

Салтанатты сәтте өңір басшысы облыс спортын дамытуға атсалысып, халықаралық және әлемдік жарыстарда биіктерден көрініп жүрген 106 спортшыға, спорт ардагеріне 50-100 мың теңге көлемінде ақшалай және бағалы сыйлықтар табыстады. Олардың қатарында Қазанда өткен дүниежүзілік универсиадада белбеу күресінен күміс жүлде олжалаған Димаш Молдашев, күрестің осы түрінен әлем чемпионы Нұрлыбек Хайруллин, самбодан Азия чемпионы Раиса Байлиева, гір спортынан Еуропа жеңімпазы Евгений Гончаров және басқалары бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорт клубы облыс әкімінің 3 миллион теңге грантына ие болды.

Осы күні қала мектептері жанынан тағы да жеті жаңа спорт алаңдары пайдалануға берілді. Бұл спорт алаңдарына да жасанды жамылғы төселген. Сондай-ақ, спорт алаңдары жарықтандырылғандықтан, оларда түнгі мезгілде де спорт түрлерімен айналысуға болады. Негізінен мектеп иелі­гінде болғанымен, бұл алаңдарға тұрғындар да келіп, спортпен айналыса алады.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар