04 Қыркүйек, 2013

Мемлекеттік ту орнатылды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күні Кентау қаласының орталығында 22 метрлік биіктікке Мемлекеттік ту орнатылды. Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай пайдалануға берілген нысанның авторы – қаланың бас сәулетшісі Еркін Жүсіпов.

Мемлекеттік ән­ұран­мен бастау алған салтанатты іс-шарада қала әкімі Бақытбек Байсалов, қалалық мәслихат хат­шысы Керімжан Сыр­лыбаев қала халқын Конституция күнімен құт­тықтады.

Конституция күнінің құрметіне орай қалада жаңадан салынған екі субұрқақ іске қосылды және көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы спорт ойын алаңшалары мен күрделі жөндеуден өткен аллеялар пайдалануға берілді.

Мерекеге орай кон­церттік бағдар­ла­малар ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар патриоттық әндерді шырқап, көпші­ліктің құмарлана қол соққан ыстық ықыласына бөленді.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар