Экономика • 07 Сәуір, 2020

Дағдарыс дауылына тосқауыл - Ж. Нұрабаев

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі кәсіпкерлерді салықтық жүктемеден босатуы шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен демеу болмақ. Бұл дағдарыстан шығудың таптырмас тетігі.

Дағдарыс дауылына тосқауыл - Ж. Нұрабаев

Мен 50 жылдық ғұмырымда бірінші рет осындай жағдайды бастан өткеріп отырмын. Елдегі төтенше жағдай қоғамды есеңгіретіп тастады. Десе де, биліктің қам-қарекеті көңілге қуаныш ұялатады. Салық төлеуден 3 жылға босататын заң күшіне енді. Бұл 1 миллионнан астам кәсіп иелері үшін жағымды жаңалық. Осы уақыт аралығында бизнес өкілдері 380 млрд теңгеге жуық табыс салығын төлемейді. Сәйкесінше, қаражаттары қалталарында қалады деген сөз. Бұл  кәсіпкерлердің жұмысы қайтадан қалпына келуіне септігін тигізеді. Әрі білікті мамандарды жұмыста сақтап қалуға жәрдемдеседі.

Мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлануынша, табыс салығынан босату 2020 жылдың 15 ақпанынан бастап, 2023 жылға дейінгі аралықты қамтиды.  Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер жеке қор жинап алуға тиіс. Жеке қор кәсіпкерлерді қаржы қиыншылығынан құтқарады. Бұдан бөлек, табыс салығынан босатылмайтын кәсіп иелері бар. Бүгінде оларға да арнайы бағдарламалар жасалып жатыр.

Меніңше, осы күрделі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау алдағы дағдарысқа тосқауыл болады. Біздің мемлекетіміз тығырықтан шығудың алғышартын жасады. Олай болса бұл қиындықтан да өтерімізге кәміл сенемін.

 

Жомарт НҰРАБАЕВ,

«АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары