Басқарма басшысының айтуынша, азаматтарды экспресс-тестілеу тек эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
«Дәл қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласына экспресс-тест жеткізілді. Бұл тестілеу Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қатаң жүргізіледі. Ең бірінші кезекте коронавирус індеті таралуының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қызметшілері, медициналық-санитарлық ұйымдардың бақылауында тұрған диспансерлік топтағы тұлғалар мен медицина қызметкерлері тестілеуден өтеді. Бұл жұмыстар бүгіннен басталады»,- деді Сәуле Қисықова.