«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүзеге асыру бойынша міндет қойды. Қысқа агромерзімде сапалы өткізілетін көктемгі егіс жұмыстары жақсы өнім кепілі болып табылады. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні белгілі. 2020 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22.5 млн гектарды құрады. Дәнді –дақылдар алаңы 15.2 млн гектар. Оның ішінде бидай алаңы 11.4 млн гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасуда. Осылайша, майлы дақылдар алаңы 3 млн гектарды құрады» деді ол.
Сондай-ақ ол көкөніс пен картоп алаңдары 19 мың гектарға, азық дақылдары алаңы 309 мың гектарға өсуге қамтамасыз етілгендігін айтты.
«Егіс алаңдарынының құрылымын облыс әкімдеріне ішкі нарықтың қажеттілігіне қарай жеткіземіз. Мысалы, қарақұмық алаңын 30 мың алаңға көбейту жоспарлануда. Бұл өзімізді қарақұмықпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстардың жергілікті бюджетінен тұқым шаруашылығын дамытуға субсидия 11.3 млрд теңге қарастырылған. Қосымша республикадан 2,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ жоғары өнімді алу үшін тыңайтқыштарды қолдану маңызды рөл атқарады. 2020 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінен 23.3 млрд теңге қарастырылған. Бұл 480 мың тонна тыңайтқышты сатып алуға мүмкіндік береді» деді Айдарбек Сапаров.