Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Павлодар облысы: Онлайн-турнир өтті

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер қаласында #BizBirgemiz акциясы аясында гір көтеру бойынша онлайн-турнир өткізіді деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы: Онлайн-турнир өтті

Екібастұз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылбек Резуанов хабарлағандай, онлайн-жарыс сәуірдің 1-5 жұлдызы өткізілді.

- Онлайн-жарысқа барлығы 19 адам қатысты. Сол арқылы біз #BizBirgemiz республикалық акциясына қолдау жасап, контактісіз спорт жарысын өткізу эстафетасын бастадық. Спортшыларымыз челленджді Нұр-Сұлтан тұрғындарына жолдады, - дейді Асылбек Резуанов.

Жарыс нәтижелері бойынша турнирдің әртүрлі санаттары бойынша Ералы Қабдолла, Мирас Тұрсын, Айша Нұрмұханова, Берік Түнкінов пен Залзерек Дауылбаев жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталар және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.