Қоғам • 08 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай кезінде мүгедектік пен еңбекке жарамсыздықты қалай рәсімдеуге болады?

960 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының баспасөз орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қалалық Департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов сәуір айынан бастап қаладағы 589 177 адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы 10 пайызға өскенін хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде мүгедектік пен еңбекке жарамсыздықты қалай рәсімдеуге болады?

Сондай-ақ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қалалық Департаментінің басшысы төтенше жағдай кезінде мүгедектік бойынша алатын жәрдемақы мен еңбекке жарамсыздықты рәсімдеу жолдарын түсіндіріп өтті.

– Сондай-ақ, бүгінгі біздің  кездесуіміз Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібінің ерекшеліктерін түсіндіруге арналады, – деді Айдынжан Нарматов. – Өздеріңіз білетіндей Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады, сондықтан медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызмет сырттай жүргізіледі.

Төтенше жағдай кезеңінде осы «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктерін нақтырақ айтсақ төмендегідей.

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді.

Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

 

АЛМАТЫ