Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Әлемде 200 миллионға жуық бала тәуекелді аймақтарда тұрып жатыр

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 салдарынан ғалам экономикалық дағдарысқа ұшырады. Кедей мемлекеттер үшін пандемия салдарынан туындаған қаржылық қиындықтар вируспен күресті әрі өз азаматтарын қорғауды қиындатып отыр.

Әлемде 200 миллионға жуық бала тәуекелді аймақтарда тұрып жатыр

Отбасының табысынан шектелуі, азық-түліктің жеткіліксіздігі бұл елдерде кеңінен етек алған. Сабын түгілі қол жуатын судың өзі тапшы. Сапалы медициналық қызмет жоқтың қасы, жағдай мүлде ушыққан. Юнисеф мәліметтеріне сүйенсек, әлемде 200 млн бала қарызға батқан мемлекеттерде өмір сүруде. Олардың экономикалық дағдарыстан кейінгі күні не болады деген алаңдаушылық басым. Табысы төмен елдердің денсаулық сақтау саласына шығыны артып барады. 

ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Генриетта Форе  қосымша шығындар балаларға қажетті жоспарлы  иммунизация, ана мен баланы қорғауға қажетті маңызды қызметтер есебінен жүзеге аспауы қажет екендігін айтады. Керісінше, тәуекелді жағдайда мемлекеттер балаларды қорғау шығындарын арттыруы қажет. Аурудың кең таралуына жол бермеу, ары қарайғы экономикалық дағдарысты ұшықтырмау мақсатында Юнисеф Дүние жүзілік банк мен Халықаралық қаржы қорының мұқтаж елдер үшін қарыздарды қайта құрылымдау мен жеңілдету туралы үндеуіне қолдау білдірді.  Таяуда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш G20 елдеріне жолдаған хатында 2020 жылы қарыздарды қайта қарастыру мен пайыздар бойынша төлемдерден бас тарту туралы айтқан болатын. Мүмкіндігі бар елдер үшін қарыздардың уақытын тежеу COVID-19 тоқтатуға және экономикалық салдарды төмендетуге ықпал етеді.