Қазақстан • 09 Сәуір, 2020

Әлеуметтік жəрдемақыны алуға 2,5 млн өтініш түсті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 сәуірде іске қосылған телеграм-боттардың көмегімен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жəрдемақыны алуға 800 154 өтініш берілді. Жалпы алғанда, барлық қолжетімді сервистер арқылы азаматтардан 2,5 млн өтініш келіп түскен. Бұл туралы Цифрлы даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі хабарлады.

Әлеуметтік жəрдемақыны алуға 2,5 млн өтініш түсті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі əлеуметтік жəрдемақыны алу үшін өтініштерді қабылдауға арналған қосымшаларды іске қосты. Әр өңірдің азаматтары өз өңірлері бойынша өтінім бере алатын 18 телеграм бот құрылды. Бұл арналардың жүктемесін азайтып, өтінім беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, egov.kz порталында ЭЦҚ-ны пайдаланбай, SMS арқылы өтінім беруге болады. Берген өтініміңіздің қаралғанын және өңделгенін порталдағы жеке кабинеттен тексеру мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан басқа, 42500.enbek.kz сервисі арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда.