Жоба әлемдегі геохимиялық зертханалық жұмыстар бойынша қызмет көрсететін, оның ішінде техникалық қызмет көрсету саласындағы жетекші компаниялардың бірі - АLS компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.
«Қазгеология» АҚ-тың геохимиялық зертхана құрудағы негізгі міндеттерінің бірі – ықтимал инвесторлардың геологиялық сынамалардың цифрлы әрі сапалық сипаттамалары туралы халықаралық деңгейде танылатын деректерді жедел алуына мүмкіндік жасайтын Қазақстанның минералдық базасын жасау. Бұдан бұрын шетелдік зертханаларға сынамалар жіберіліп, бұл көп уақыт пен қаржы реурстарының шығындарына әкеліп соқты. Ал, енді құрылған зертхана әлемдік стандарттарға сай барлық қажетті сынамаларды Қазақстанда жүргізуге мүмкіндік береді.
Зертхана озық технологияларды пайдаланып, нәтижелерін халықаралық қаржы институттары танитын, халықаралық стандарттарға сай әрі әлем таныған 20-дан астам зерттеу әдісі пайдаланылатын геохимиялық зерттеулерді сапалы жүргізуге жол ашады.
Зертхананың жалпы алаңы 2 мың шаршы метрден асады. Қызметкерлер құрамы ұдайы оқудан өтетін, біліктілігі жоғары 40 маманнан, сондай-ақ әлемдегі үздік өндірушілердің озық жабдықтарынан тұрады. Зертхана жабдықтарының кешені биылғы өнімділіктің тәулігіне 1200 сынама құрайтын 30 элементтен астамын анықтауға қауқарлы.