Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қазақстандықтарға әлеуметтік ID карталар беріледі

637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасының негізінде ел тұрғындарына тегін әмбебап әлеуметтік карталар беріледі.

Қазақстандықтарға әлеуметтік ID карталар беріледі

«QR-кодтар мен NFС технологиясы бар смартфондарды пайдалануды қоса алғанда, әртүрлі нұсқалар қарастырылды. Бірақ мұндай шешімдер белгілі бір қиындықтарға байланысты қабылданбады»,-деп атап өтті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» компаниясының мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Әлішер Елубаев.

Әмбебап картасы зейнетақы және жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жүру, сондай-ақ, тауарлар мен қызметтер сауда, медициналық және өзге де желілерде қолданылады. Әлеуметтік карта бойынша жол жүруге 50 пайыздық жеңілдіктер алуға болады.

ID-картаны Қазақстанның барлық азаматтары ала алады. Карта ең алдымен,  зейнеткерлер, жәрдемақы алушылар, сондай-ақ мектеп оқушыларына беріледі. Әмбебап әлеуметтік карталар ақысыз негізде берілетін болады.

Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы «Қазпошта» бөлімшелерінің кассаларында жәрдемақы мен зейнетақы алудың баламалы нұсқасы жұмыс істейтін болады. Үкімет шешіміне сәйкес бірыңғай ID-картаға толық көшу 2023 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.