Осыған байланысты Алмалы, Бесікті, Қараөзек және Қарабатан блок-посттары маңайындағы айналма жолдарды мобильді топтар патрульдейді. Оған іргелес аумақтар дрон көмегімен бақыланып отыр.
«Сәуірдің 7-нен 8-не, 8-нен 9-на қараған түнде көшеге себепсіз шыққаны үшін полицияға 70-ке жуық азамат жеткізілді. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодестің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 67-і қамауға алынды» -деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай енгізілгелі бері мас күйінде полициға қарсылық танытқан 9 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 478-бабымен хаттамалар толтырылыпты. Сондай-ақ, блокпостарды айналып өтуге тырысқан 21 әрекеттің жолы кесілген. Оның ішінде 13-і жеке автокөлікпен айналма жолдарда тоқтатылды. Өңір полицейлері 3 000-нан астам түсіндірме жүргізді.
Жұмасат ҒАЗИЗ