Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Атырауда қылмыстық топ құрықталды

1361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілдері қылмыстық топ құрып, азаматтардан ақша талап етумен айналысыпты.

Атырауда қылмыстық топ құрықталды

- Облыстық полиция департаментінің өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады. Деструктивті діни ағымның ұстанушыларынан құрылған қылмыстық  топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш  қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ