Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Атырау: Шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Бауыржан Зайнеденұлы Тұхфатов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Атырау: Шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді

Бауыржан Зайнеденұлы 1967 жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1985-1992 жылдары В.Ленин атындағы Ресей энергетикалық институтында инженер-электрик мамандығы бойынша білім алған. Ал, 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономика және басқару мамандығымен бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1992 жылы «Атырау-Жарық» АҚ-да инженер болып бастаған. 2004 жылға дейін аталған компанияда апатқа қарсы автоматтық орталық қызметінің жетекшісі, орталық қызметі бастығының орынбасары,  өндірістік-техникалық қызметінің бастығы-бас инженердің орынбасары, метрологиялық қызмет бастығы-бас метролог, бірінші вице-президенттің орынбасары-бас инженер болып жұмыс істеген.

2006-2013 жылдар аралығында «ОблТрансГаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 2013 жылы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Мақат ауданы әкімінің орынбасары болған.

2017-2018 жылдары Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ