Сондай-ақ дәрігер-инфекционист Толқынай Ордабаева өзінің жеке парақшасында Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының басшылығы тарапынан жол берілген құқық бұзушылықтар туралы пост жазған болатын.
«Осы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан партиялық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде көрсетілген фактілер расталды. Меркі аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі медициналық қызметкерге олардың лауазымдық міндеттеріне кірмесе де, өздеріне маска тігуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар жұмыста маскалар мен қорғаныс құралдары берілмейді. Осыған байланысты аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Үсіпбеков пен денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін
аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым партиялық жауапкершілікке тартылды. Аудан және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу және өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау керектігі туралы ескертілді».