Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Жолда қалдырмайтын «Жол картасы»

182 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бюжеттен 1 трлн теңге бөлу туралы шешімі елімізде жаңадан жұмыс орындарын ашуға серпін береді.

Жолда қалдырмайтын  «Жол картасы»

Осы мақсатта бір ғана Алматы облысында 22,8 мың адамға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 977 жоба жүзеге аспақ. Бұған 109,2 млрд теңге бөлінген. Қазір мемлекеттік сараптама қорытындысынан өткен жобалық-сметалық құжаттама арқылы өңір тұрғындары табысты жұмыс орнынан үмітті. Жалпы, жұмыс орындарын ашу тек бюджет қаржысы есебінен ғана жүзеге асып жатқан жоқ. Жеке инвесторлар ашқан өнідіріс орындарында да жұмыс күшіне сұраныс бар. Мысалы, жекеменшік инвестициялар есебінен 367,6 млрд теңге жұмсалған 75 нысан іске қосылған. Нәтижесінде, 5 мыңнан астам жұмыс орыны ашылады. Атап айтқанда, Сингапур мемлекетінің инвестициясына салынып жатқан Alacem зауыты, Біріккен Араб Әмірлігінің қаржысына ашылатын Phoenix feed mills компаниясы, нидерландтықтар қолға алған СТК Sokol жобасы және көршілес Қытай инвесторлары іске қосатын Mistral energy компаниясының өндіріс орындары жұмыс күшіне деген сұранысты өсіреді деген болжам бар.

Айтпақшы, төтенше жағдай жарияланған мерзім аралығында облы­ст­ағы 48 ірі кәсіпорын мен 158 орта өндіріс нысандарында өн­діріс көлемі азайып, соның сал­да­рынан қызметкерлерді қыс­қар­ту мен ақысыз демалысқа жі­бе­ру дерегі тіркелмепті. Яғни, бұл салада жұмыс істеп жүрген
156 мың адам өз міндеттерін то­лық атқарып, еңбекақысын алып отыр.

– Облыста бұрын да жол кар­тасы бойынша жұмыстар атқа­рыл­ды, бірақ мұндай көлемде қаражат алғаш рет бөлініп отыр. Сон­дық­тан біз қаражатты уақытында және сапалы игеруге және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге міндеттіміз. Жоспарға сәйкес «Еңбек» бағдарламасы бойынша 22 мың адамды жұмыспен қамтудың белсенді шарасы жасалды, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Жалпы, Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінген қаражаттың 54 пайызы өңірдегі әлеуметтік-мәдени саланың мәселесін шешуге бағытталмақ. Мәселен, осы қаржыға өңірдегі мектеп жетіспеушілігін жоюдың сәтті мүмкіндігі туатын сияқты. Өйткені, аймақ бойынша салынып жатқан 16 мектепке қосымша тағы 7 мектептің құрылысы бас­тал­мақ. Бұл қосымша 10,2 мың баланы орынмен қамтымақ. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінген қаражатты тиімді игерген жағдайда биыл Жетісуда 23 мектепті іске қосуға болады екен. Ал бұл үш ауысымды мектеп санын азайтуға жол ашпақ. Қазір облыста
32 үш ауысымды мектеп бар.

Сондай-ақ бөлінген қаржы мектеп құрылысынан бөлек жер­гілікті жердегі медицина меке­ме­лерін де жаңа ғимаратпен қам­ту­ға мүмкіндік бермек. Бүгінде облыстағы 5 ауылда дәрігерлік амбулатория салу жоспарланыпты. Сондай-ақ Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында өңірдегі 53 елді мекеннің сумен жабдықтау нысандары қайта жаңартылып, жөнделмек. Тағы 84 елді мекенде абаттандыру жүргізіп, 220 елді мекеннің 500 шақырым жолын жасау да осы қаражаттың есебінен жоспарланған.

 

Алматы облысы