Төтеннен келген нәубетпен күресуде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың қойып отырған қатаң талаптарын сақтауға үндейді. Қытай елі қатаң тәртіптің арқасында бұл індетті ауыздықтады. Елбасы мақаласында аға-ұрпақ өкілдеріне сөз арнап, оларды ынтымақты болуға, игілікті істердің басында тұруға, саламатты өмір салтын ұстауға шақырды.
Елбасы жас ұрпақ өкілдеріне арнаған сөзінде «Еліміздің болашағы сіздерсіздер, бүгінгі жас ұрпақ егемендігіміздің құрдастары, аға ұрпақ өкілдері сіздер үшін қолынан келгеннің барлығын жасады, енді кезек сіздерде» деп сенім артты.
Елбасы кәсіпкерлерге сөз арнады. Тәуелсіздік алғалы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Қазақстан-2050» бағдарламасының ішіндегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында елімізде 1 мыңнан аса кәсіпорын ашылды. Көп кәсіпкерлер бүгінгі күні аяғынан тұрды, енді олар мен еліме не беремін деген уақыт келді деді. Өз кезегінде кәсіпкерлер де Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз!» қорына БАҚ мәліметі бойынша 14 млрд теңгеден астам қаржы құйды. Бұл игі іс әрі қарай жалғасын табады деп сеніп отырмыз.
Қиын кезде белді бекем буып, ынтымақ, бірлікті берік ұстап Президенттің, Үкіметтің талаптарын орындасақ, бұл қиындықтан да шығамыз. Өйткені Елбасымыз Қазақстанды Мәңгілік ел болуға бастайтын басты бағыттарды айқындап берді.
Әлімжан ҚҰРТАЕВ,
Сенат депутаты