Өмір біздің тұтастығымыз бен ұйымшылдығымызды тағы бір сынағысы келген секілді. Ал біз бүкіл әлемге ынтымақтастық, адалдық, сенімділік, өзара көмек сияқты ең қасиетті ұғымдарды қалай бағалайтынымызды дәлелдей алдық.
Қиын күндері біздің халқымыз әрдайым ұйымшыл бола алатынын тарихшы ретінде сеніммен айта аламын. Жылнамамыздың әр кезеңдерінде мемлекетіміздің басында біздің еліміздің азаматтары сенген көшбасшылар болғаны белгілі. Міне, бүгінде Елбасы бізді жаңа жеңістерге, жарқын болашаққа сенімді түрде бастап келеді. «Тәжвирус» атауымен келген кезекті шабуылды да еңсереміз. Бұған ешқандай да күмән болмауы тиіс.
Мейлі, табалаушылар әртүрлі «лақпашыл» ойларын айта берсін. Уақыт өте біз өзіміздің бүгінгі күрмеуі қиын түйінді шешуде еткен еңбегіміз бен қажырлығымыздың жақсы нәтижесін көретін боламыз. Шығыс халқында: «шыдамдылық – қуанышқа бастар жол!» деген қанатты сөз бар. Қиындыққа мойымастан тек алға ұмтылуымыз керек! Елбасымыз мұндай қажырлылық пен шыдамдылыққа әрдайым шақырып келеді. «Жол жүрсе қысқарады» дейді дана халқымыз. Ал біз дұрыс жолда келе жатқанымызға ешқандай күмәніміз жоқ. Бұған Елбасымыздың халқына үндеуімен танысу барысында тағы да көз жеткізіп отырмын. «Біз біргеміз!».
Бауыржан БАЙТАНАЕВ,
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, ҰҒА академигі