Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Атырау: Үш науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам. 10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.

Атырау: Үш науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған

Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық,
бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.