Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

1414 call-орталығы арқылы бейне қоңырауларға да жауап алуға болады

889 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Филиалда 1414 call-орталығының операторларынан басқа, бейне қоңырауларға жауап беретін онлайн-операторлар да бар. Алматыда азаматтардың өтінішіне онлайн негізде 50 оператор жауап береді.

1414 call-орталығы арқылы бейне қоңырауларға да жауап алуға болады

Бүгінгі күні ЭЦҚ көмегімен барлық мемлекеттік қызметтердің 80% алуға болады. Сондықтан азаматтарға ыңғайлы болу үшін жақында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн алу сервисі іске қосылды. Карантинге байланысты көптеген азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйде алу үшін мобильдік азаматтар базасында тіркелуі немесе ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Ал тіркелгенде олардың сәйкестендіру рәсімін растау үшін Алматыда 50 оператор жұмыс істейді. Егер азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, жүйе оны ХҚКО операторымен байланыстырып, ол азаматты бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді. Бұл бағытта желіге байланысқа шыққан азамат бірқатар қосымша сұрақтарға (құжаттардың деректерін, тіркеу орнын және т. б.) жауап беруі тиіс.

4

«Қазіргі күні қоңыраулар өте көп түсіп жатыр. Кей кезде клиенттің жұмысын толықтай өзің жасап беруге тура келеді. Қызықты жағдайлар да болып жатады. Бір-екі күн бұрын Дышыбаев Мұхит деген бір танысым видео қоңыраумен хабарласып, маған түсті. Мұхит өзінің әкесін Mgov mobile-ға тіркегелі жүгінген екен. Ол кеңес беріп отырған мені көріп таңданысын жасырмады. Камераның алдында әкесімен бірге отырып, бейнебайланыста болдық. Біз үшін мұндай жағдайда тілдесу қызықты болды. Әкесін тіркеп риза болған ол, көрсетілген қызметке алғысын білдірді», - дейді Алатау аудандық фронт-офисінің маманы Қаламқас Іргебаева.

Тағы бір бейнебайланыс операторы Жансая Қаткенова,  2016 жылдан бері Жетісу аудандық фронт-офисінің маманы болып жұмыс істеп келеді. Екі баланың анасы. Мектеп жасындағы балалары бүгінде Шелек ауылындағы атасы мен әжесінің жанында, сабақтарын қашықтан оқып жүр. Ал жолдасы Алматы қаласының ІІД-нің аға тергеушісі. Карантин кезінде ол да күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жансая үй режиміндегі жұмысқа көшкен. Ол бейне қоңырау операторының міндеттеріне толығымен бейімделіп алған. Сұрағына жауап іздеп, телефон шалған азаматтардың үдесінен шығуға тырысатын Ж.Қаткенова күніне 120-150 өтініш қабылдайтындығын айтады.

 

АЛМАТЫ