Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Елбасы үндеуі – дағдарысты еңсерудің айқын жолы

126 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде бүкіл әлем жұртын алаңдатып, барша ғаламға қауіп-қатер тудыртып отырған COVID-19 індетін жеңу жолында халқымызды сабырлыққа шақырып, болашаққа мол сенім ұялатар Ұлт көшбасшысы    Н.Ә.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласының маңызы теренде.

Елбасы үндеуі – дағдарысты еңсерудің айқын жолы

Тұңғыш Президент – Елбасы ғасырлар бойы сан қиындықты еш мойымастан жеңе білген дана халқымыздың тарихына тоқтап келе, бүгінгідей ауыр кезең мен дағдарысты еңселі еліміздің тағы да еңсере алатынына мол сенім білдіреді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетіміздің аяғынан нық тұруы үшін қысылтаяң, күрделі жылдарды басынан өткерді. Сол кезеңдердегі Тұңғыш Президентіміздің білікті де шебер ұстанымдары мен бағыттары, алпауыт мемлекеттермен достық, ынтымақтастық қарым-қатынас ұсталуы, мемлекеттер арасындағы 200-ге жуық ұйымдарға мүше бола отырып мемлекетімізді бүкіл әлемге танытуы орасан зор жетістіктерге қол жеткізді. Ұзақ мерзімге бағытталған «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, ұлт болашағын жарқын ету жолындағы ірі бағдарламалар мен жүйелі жүргізілген реформалар нәтижесін де қазіргі таңда туындап отырған заман сынынан мемлекетіміздің сүрінбей өтуіне жасалып отыр.

Еліміздің Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Қ.К. Тоқаев бүгінгі қиын кезеңге байланысты Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде: «Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары «Ұлттық қор мен алтын-валюта қоры» құрылды. Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде біз аталған қорға жүгініп отырмыз» - деп атап өтті. Иә, Елбасы айтқандай, аталған қор еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі үшін жұмсалып отыр.

Елбасы өз мақаласында қазақ халқының данышпан тұлғаларының қанатты сөздерін ұран ете отырып халықты ұйымшылдық пен темірдей қатаң тәртіпке, төзімділік пен береке-бірлікке жетелейді. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді енжарлық пен сарыуайымнан аулақ болуға бастай отырып, ырыс пен ынтымақ, игілік пен ізгілік қасиеттерінен қуат алып қиындықты жеңе білу қажет екеніне тоқталады.

Еліміздің «Мәңгілік ел» болуы мен дамуы жолында Елбасының аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне, жаңа өскін – жас ұрпаққа, шағын және орта кәсіпкерлерге артқан жауапкершілік пен міндеттердің маңызы зор. Сондықтан әр азамат өз Отаны алдындағы жауапкершілікті түсініп, туған елі мен нұрлы болашақ үшін өз үлесін қосуы абзал.

Өшпес рух пен қажыр-қайрат беретін мемлекетіміз барда, кемеңгер ұлы халқымыз барда біз бар қиындықты бірге жеңетіңімізге сеніміміз мол.

 

Асқар МҰСТАБЕКОВ,

генерал-майор,

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс

әскери-инженерлік институтының бастығы