Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Ақтөбе: Көп қабатты үйлердегі қауіпсіздік шаралары жалғаса береді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін «Egemen.kz» сайтында хабарланғанындай Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үш тұрғын үйде және ауласы бар бір жеке баспанада азаматтардың КВИ жұқтыру дерегі анықталған еді. Содан соң бұл үйлер шұғыл оқшауланып, карантинге қойылған-ды.

Ақтөбе: Көп қабатты үйлердегі қауіпсіздік шаралары жалғаса береді

Соңғы бір аптаның аралығында облыста қосымша вирус ошақтары тіркелмегені сақтандыру мен қауіпсіздік шараларының жүйелі түрде жүргізіліп жүргенін айғақтаса керек.

Сондай-ақ бұған Ақтөбе қаласы көшелерінде залалсыздандыру жұмыстары күн сайын атқарылып келе жатқаны да оң септігін тигізді деуге болады.

Аталған үйлер мен залалсыздандыру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларымен танысқан Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тиісті ұйымдарға бұл жұмыстардың деңгейін төмендетпеуді тапсырды.