Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Ақтөбе: Жол жөндеу жұмыстары тоқтатылмайды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының көшелері шұрық-тесік күйге енгені бұған дейін айтылып та, жазылып та жүр. Нақты деректерге сүйенсек, қалаішілік автожолдардың 50 пайыздан астамы мүлдем жарамсыз деңгейде.

Ақтөбе: Жол жөндеу жұмыстары тоқтатылмайды

Сондықтан да оны биыл күрделі жөндеуден өткізуге қажетті қаражат сұраныс көлемін қанағаттандыра алмайды. Әйтсе де соған  қарамастан жобалау-сметалыққұжаттар әзірленіп, оған инвесторлардың қаражатынтарту көздліп отыр.

Әйтеуір қазіргі күні Ақтөбе қаласы бойынша жарияланған карантинге қарамастан шұңқырдарды бітеу жұмыстары жүргзіліп келеді. Сонымен бірге қалаішілік жол құрылысына қатысты өзге жобалар да қозғалысқа келтірілуде.

-Қала көщелерін жөндеуге қатысты жұмыстар тоқтатылған жоқ. Қазіргі күні мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық шаралар жүргізілуде. Сәуір айының алдағы 20 жұлдызынан бастап облыс орталығында кең көлемдегі күрделі жөндеу жұмыстары басталады, -деді «Egemen.kz» тілшісіне Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.