Технология • 10 Сәуір, 2020

Президент IT саласындағы кемшіліктерге тоқталды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау керек екенін айтты. 

Президент IT саласындағы кемшіліктерге тоқталды

«Үлкен жүйелі кемшіліктер анықталды. Білім және ғылым министрлігі амалсыз теледидар арқылы сабақ беруге мәжбүр болды. Жарнамасы жер жарған «E-Learning» жүйесі істемей қалды. E-gov-та үзілістер байқалды. Вирустық кезеңнен кейінгі кезеңде біз осы жағдайлардан сабақ алып, есептерді талдауға дайын болуымыз керек. Ең бастысы, шын мәнінде цифрлы мемлекет болу үшін IT саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындағанымыз абзал. Келесі жыл мемлекетіміз тиімді цифрландыру нышанымен өтуі керек. Жаңа тәжірибені    ескере отырып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қосымша қаржылық шығындарсыз қайта қарау қажет. Біз денсаулық сақтау, білім және ғылымды түбегейлі реформалауымыз керек. Жоғарыда айтқанымдай, дағдарыс жақсы, өйткені ол барлық кемшілікті ашып беріп, үлкен мүмкіндіктерді де ала жүреді. Біз олардың артықшылығын пайдалануымыз керек. Реформаларды дамыту жұмыстары қазірден басталуы тиіс» деді Президент.