Коронавирус • 10 Сәуір, 2020

Коронавируспен күресу үшін қытайлық дәрігерлер 15 күнге келді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.

Коронавируспен күресу үшін қытайлық дәрігерлер 15 күнге келді

Мемлекет басшысының келiсiмiмен 10 адамнан тұратын Қытай делегациясын келді. Дәрігерлер қатарында коронавирустың алдын алу бойынша тәжірибесі мол мамандар да бар.

«Қытай делегациясының келу бағдарламасы 15 күнге есептелген. Қытай сарапшылары коронавируспен күресте өз тәжірибесімен бөліседі, атап айтқанда ұлттық және аймақтық деңгейлерде COVID-19 алдын алу және бақылау қытайлық механизмді, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау алгоритмін, COVID-19 бойынша Қытайда қолданылатын эпидемиологиялық зерттеу әдістерін, емдеу және диагностика хаттамаларын, медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алу механизмдерін ұсынады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде карантин шаралары енгізілгеннен кейін коронавирусты жұқтырудың өсу қарқыны 29 наурыздағы 24%-дан бүгінгі таңда 7%-ға дейін төмендеді, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

«Соңғы бір аптада Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында динамика едәуір төмендеді. 4 сәуірден бастап елордада өсу қарқыны 8,4%-дан 0,9%-ға дейін, Алматыда 15%-дан 2,5%-ға дейін төмендеді. Аптаның басынан бері бұл қалаларда вирусты тек 6 адамнан жұқтырғаны тіркелді», - деді Ботакөз Жақселекова.