Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Павлодар облысында «Жұмыспен қамту жол картасының» әр жобасы бақылауда болады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінде өңірде «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жалпы құны 43 млрд теңге болатын 200-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Павлодар облысында «Жұмыспен қамту жол картасының» әр жобасы бақылауда болады

Сондықтан, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов әрбір жобаның  жүзеге асуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Бұл бақылау  жұмыс орындарын құруға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру  мен мерзімі үшін жауапкершілік жүктейді.

-Жобалар  жүзеге асса, өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Олардың жартысы «Жұмыспен қамту орталықтарында» жұмыссыз ретінде есепте тұрғандарға тиесілі. Сондықтан, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша барлық жобалар биылғы жылы аяқталуы тиіс, -деді Әбілқайыр Сқақов.

Яғни,қала, аудан әкімдері,  түрлі басқармаларжедел жұмыс төтенше жағдай кезінде бастағандықтан, барлық жобалық және конкурстық құжаттамаларды қайта қарау қажет.

Аудан, қала әкімдері ай сайын атқарылған жұмыстар жайлы есеп береді.

Мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы» есебінен әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, жолдарды және басқа да инфрақұрылымды жөндеу және салу жоспарлануда.

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 207 балалар алаңын, 217 ауланы және 255 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірде 1114 пәтер беріліп, 108 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек.

Жобаның әрбір сатысында мониторингтік топтар жұмыс істейтін болады.

 ПАВЛОДАР