Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Тараз қаласында коронавирус індетінің жаңа жағдайы анықталды

1528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды. Тіркелген науқас 1975 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

Тараз қаласында коронавирус індетінің жаңа жағдайы анықталды

Жамбыл облысы әкімдігінің берген мәліметі бойынша, ол 10 сәуір күні жөтел мен дене қызуының жоғарылауына байланысты шағымданып, ауруханаға жатқызылған. Алынған зертханалық қан талдауларының қорытындысы коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсеткен. Бүгінде науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған.

Эпидемиологиялық тексеру барысында онымен жақын байланыста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылған. Олардан да зертханалық зерттеуге қан талдаулары алынған. Сонымен қатар, тұрғылықты және барған орындары бойынша да эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Байланыста болған азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысы